ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыны жаяу серуендеу: 28 Гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ
Бүкіл әлем жұртшылығының есінде қалған тарихи кезеңдер мен қаһармандық оқиғаларымен таныс болыңыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүкіл әлем жұртшылығының есінде қалған тарихи кезеңдер мен қаһармандық оқиғаларымен таныс болыңыз.
Бағдар тізбегі: Вознесенк соборы - Даңқ мемориалы - ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы - Ыхылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы.
Бағдар сипаттамасы:
Мегаполистегі ең көне саябақ 1872 жылы қалалық бау-бақша ретінде салынған.
Саябақ ортасында Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ ағаш сәулетінің жарқын көрінісі - Вознесенский соборы орналасқан.
Қасында Даңқ мемориалы тұр. Мемориал 1941 жылы жаз айында Алматыда құрылған, кейін "Панфиловшылар" деп аталған дивизияның 28 батыл жауынгеріне арналған.
Бұрын округтік офицерлер үйі атанған Әскер үйі – мәдени-ағарту мекемелерінің маңызды әдістемелік орталығы. Ғимарат 1978 жылы салынған.
Сондай-ақ жақын маңда тек қазақ аспаптарының емес, Орталық Азияның басқа да халықтарының бай мұрасы сақталған Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі бар.
Показать комментарии