ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдан не сатып алуға болады: 10 идея
© shutterstock
Алматы - туристер көп келетін Қазақстандағы ең танымал қала. Таңғажайып табиғатымен, мәдени және тарихи көрікті жерлердің көптігімен, жасыл желекке малынған жайлы көшелерімен, әрине, қонақжай халқымен ерекше. Егер сіз Алматыны үнемі еске түсіретін кәдесый сатып алғыңыз келсе, 10 түрлі идея ұсынамыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы - туристер көп келетін Қазақстандағы ең танымал қала. Таңғажайып табиғатымен, мәдени және тарихи көрікті жерлердің көптігімен, жасыл желекке малынған жайлы көшелерімен, әрине, қонақжай халқымен ерекше. Егер сіз Алматыны үнемі еске түсіретін кәдесый сатып алғыңыз келсе, 10 түрлі идея ұсынамыз.
Қазақстан шоколады
"Рахат" кондитерлік фабрикасы өндіретін "Қазақстан" шоколады -шетелдіктердің Алматыдан сатып алатын тәтті кәдесыйы. Бұл шоколад - шетелдік сапарларға шығатын қазақстандықтардың да сүйікті өнімі. Тәтті сыйдың сыртқы қорабы да әдемі безендірілген. Қазақстанның көрікті жерлері, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі бейнеленген әдемі қорапта ұсынылады. Тіпті сыртқы орамасында мегаполистің бренді бейнеленген Almaty деп аталатын кеуекті шоколад түрі де бар.
© Depositphotos
Апорт
Алматыда алманың небір түрін табуға болады, соның ішінде апорт сұрпы -оңтүстік мегаполистің символы. Жемістің хош иісі мен сәл қышқылдау шырынды дәмін ұмыту мүмкін емес. Фермерлер "Алматы" апорты күзге жақын піседі және екі айдан артық уақыт сақтауға болатыны айтады. Егер сіз күз мезгілінде Алматыда болсаңыз, апорт сатып алуды ұмытпаңыз.
© Depositphotos
Алматы апортының хош иісі бар парфюм
Иә, иә, сіз Алматыдан апорт алмасының хош иісі аңқыған парфюм сатып ала аласыз. Бұл парфюмді Алматыдағы Satpayev University-нің жас ғалымы Гүлжан Түзелбаева жасап шығарды. Иіс су қаланың дүкендерінде және Алматы әуежайындағы Duty Free сауда орындарында сатылады.
Қазақтың ұлттық тәттілері
Құрт, жент, ірімшік, тарының ерекше дәмі кез-келген туристті таңғалдырары сөзсіз. Қазір шоколадқа малынған жент, тіпті базилик қосылған құрт секілді "экзотикалық" түрін табуға болады. Сондай-ақ, ерекше кофе ішкіңіз келсе, тары қосылған кофенің дәмін татып көруге кеңес береміз және ол қаланың көп жерінде сатылады. Қазақтың ұлттық тағамдарын Көк базардан немесе арнаулы дүкендерден табасыз.
© Depositphotos
Кәдесый және коллекциялық монеталар
Металдан соғылған дизайны әдемі монеталар - ғасырлар бойы сақталатын естелік. Ұлттық дизайндағы монеталарды Панфилов көшесіндегі Ұлттық банк филиалынан сатып алуға немесе банктің ресми сайты арқылы тапсырыс беруге болады.
Алматы бейнеленген постерлер мен ашықхаттар
Көктөбе бейнеленген ашықхат немесе аты аңызға айналған Қазақстан қонақүйінің суреті бар постер - Алматыдан құрбыңызға немесе жақыныңызға сыйға тартқан ең тамаша сыйлық. Оның үстіне, бұл кәдесыйлар көп орын алмайды.
Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар
Қолдан жасалған ұлттық нақыштағы бұйымдар кез келген әйел затына қуаныш сыйлатыны анық. Кейінгі кездері сәнқойлар ұлттық нақыштағы әшекейлерді заманауи киімдермен үйлестіріп қолдана бастады. Шолпы (бұрым етіп өрілген шаш ұшына тағатын әшекей) немесе шашбау (бұрымды сәндеуге арналған бау) секілді әшекейлерді көріңіз.
© Depositphotos
Қазақ дизайнерлерінің киімдері
Ұлттық ою-өрнегі бар заманауи шапан немесе Sen және Qazaq Republic деген жазуы бар сәнді қалың жейделер, тіпті, ең сәнқой досың немесе туыстарыңның көңілінен шығатынына сенімдіміз. Бұлар сіздің гардеробыңыздағы ең ерекше киім болатыны сөзсіз.
Ұлттық айдентикасы бар аксессуарлар
Бұл дорба, термос немесе сәнді шұлық болуы мүмкін. Жарқын безендірілген кәдейсый көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз және сізге мол әсер сыйлаған әсем Алматыны жиі еске түсіріп тұрады.
Қазақтың ұлттық ыдысы
Ағаш астауды қазір, тіпті, Швейцарияның Берне қаласында қонақтарға жайылған дастарханнан кездестіруге болады. Ағаштан жонып жасалған бұйымдар - нағыз өнер туындысы. Ал егер сізге керамика немесе фарфор ыдыстар көбірек ұнайтын болса, онда сіз ұлттық ою-өрнегі бар шыныаяқтар мен пиалаларды таңдай аласыз.