Қазақстанға не алып келуге және Қазақстаннан не алып кетуге болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Әр елдің өз ережесі бар, мысалы кейбір заттарды импорттауға және экспорттауға тыйым салынған. Бұл мақалада туристтер Қазақстаннан өз еліне кәдесый ретінде қандай заттарды әкете алатыны және өзімен бірге Қазақстанға алып келе алатыны туралы егжей-тегжейлі айтамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әр елдің өз ережесі бар, мысалы кейбір заттарды импорттауға және экспорттауға тыйым салынған. Бұл мақалада туристтер Қазақстаннан өз еліне кәдесый ретінде қандай заттарды әкете алатыны және өзімен бірге Қазақстанға алып келе алатыны туралы егжей-тегжейлі айтамыз.

Сонымен, сіз декларация толтырмай, Қазақстанға алып кіре аласыз:

  • 10 мың АҚШ долларына дейінгі қолма-қол ақша;
  • 5 килограммға дейінгі жемістер немесе көкөністер;
  • 3 гүл шоғы;
  • 5 килограмға дейінгі түпнұсқалық қаптамадағы термиялық өңделген ет пен балық;
  • ұшақ арқылы құны 10 мың еуродан аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарлар;
  • 3 литрден аспайтын алкоголь өнімдері.

Қазақстаннан мыналарды әкетуге болмайды:

  • алтын, асыл тастар және сирек минералдар;
  • өсімдіктер дүниесінің сирек үлгілері мен коллекциялары, сондай-ақ олардың бөліктері мен олардан алынған өнімдер;
  • Қызыл кітапқа енген жануарлардың сирек түрлері, сондай-ақ ақбөкен мүйіздері.

Қазақстаннан туристер атақты Қазақстан шоколадын, бал, қазы мен шұжық, құрт пен жаңғақ түрлері, кептірілген жемістер, дәмдеуіштер, коньяк, ұлттық бас киім - төбетей мен шапан және киіз, былғары, керамикадан жасалған кәдесыйларды өз еліне алып кеткенді ​​ұнатады. Азық-түлікті рұқсат етілген мөлшерде қол жүгі ретінде алуға рұқсат етіледі. Қазыны түпнұсқалық қаптамада 5 килограмға дейінгі мөлшерде алып кете алады. Сондай-ақ туристерге Қазақстанда сауда жасамас бұрын, өз елінің кедендік және авиакомпаниялар ережесімен танысып шығуға кеңес береміз.

Ұшақ арқылы (қол жүгі мен тіркелген багажды қоса алғанда) Қазақстаннан және Қазақстанға тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізбесі:

  • салмағы 5 килограмнан асатын түпнұсқалық қаптамасы жоқ ет және балық өнімдері;
  • тірі шаяндар;
  • жарылғыш заттар;
  • радиоактивті заттар;
  • есірткі заттары;
  • аэрозольдің барлық түрі, сырқаттарға дәрігер берген рұқсат қағазды көрсеткен жағдайда рұқсат етіледі;
  • тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде алкоголь мөлшері 70 пайыздан асатын сусындар (күштілігі 140 пайыз);
  • жанғыш қатты заттар (калий, натрий, фосфор және т.б.);
  • улы және уландырғыш заттар;
  • жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар;
  • күйдіргіш және коррозияға ұшырататын заттар;
  • бос оттықтар;
  • сынап барометрлері мен термометрлер;

Қол жүгі және ұшақ салоны арқылы тасымалдауға болмайды:

  • көлемі 100 миллилитрден көп сұйықтықтар. Сұйық дәрі мен балалар тағамын дәрігер рұқсатымен алып өтуге, сондай-ақ әуежай ішіндегі бажсыз сауда дүкендерінен немесе ұшақ бортында сатып алынған сұйықтықтарға рұқсат етіледі;
  • атыс қаруы, тіпті атыс қаруы түріндегі оттықтар;
  • бильярд, гольф сойылдары мен өзге де сойыл түрлері, ескектер, скейтбордтар;
  • шаншитын және кесетін қарулар, сондай-ақ конькилер мен асхана пышақтары, скальпельдер мен өткір ұстаралар, қайшылар (жүзінің ұзындығы 3 см аспайтын ұшы доғал және өткір емес қайшылар рұқсат етіледі), шаңғы таяқтары мен серуендеу/жаяу серуендеу таяқшалары, металл лентасы бар рулеткалар;

Егер сізге инъекция жасау қажет болса, сізде ұшу кезінде шприцті қолдану қажеттілігін растайтын емдеуші дәрігердің анықтамасы болуы керек;

Багаж арқылы тасымалдауға болмайтын заттар:

  • электронды темекілер, вейптер, ұялы телефондар, литий-ионды батареялары бар ноутбуктер белгілі бір қуаттан жоғары: темекі шегуге арналған 100 ватт сағат және портативті электронды құрылғылар үшін 160 ватт сағат. Бұл шектеу жоғарыдағы заттардың тұтану қаупін туғызуға байланысты.

Нақты шектеулер туралы авиакомпаниялардан сұрап білген дұрыс, атап айтқанда, қуаты өте жоғары ноутбугыңыз болса, оны багажда емес, ұшақ салонында алып өткен жөн болар, бұл туралы алдын ала сұрап алыңыз. Сондай-ақ Қазақстанға тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпанияның ішкі ережелерімен танысуды және ұшақ салонына рұқсат етілген заттарды алып кіру үшін тағы кімдерден рұқсат алу керектігін нақтылауды ұсынамыз.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная