ПОДЕЛИТЬСЯ
Көк базар: базарға барар алдында турист нені білуі керек
Көк базар - Қазақстанның ең көне базарларының бірі. Бұл жерде, атап айтқанда Құлжа (Мақатаев), Торговая (Жібек Жолы), Первогильдейская (Зенков) және Бульварная (Пушкин) көшелерінің алаңындағы сауда-саттық 1868 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1875 жылы мұнда "Керуен сарай" салынды, онда бүкіл Орта Азия көпестері сауда жасады. Жер сілкінісінен кейін базар бұрынғы маңызын жоғалтты, өйткені қаланың басқа аудандарында сауда нүктелері ашыла бастады. Сауда кеңес заманында да жүргізілді, бірақ 1970 жылдары ғана "Көк базар" мәртебесін айшықтай түскен жабық ғимарат салынды.

Кеңестік конструктивизм стилінде салынған негізгі павильонда 800 орын, жазғы базарда 200 орын, ал автотұрақта көлік тұра алатын 400 орын бар. Негізгі павильон залын шатырға орнатылған тоғыз пирамида пішініндегі шам жарықтандырып тұр. Бұл шамдар базарға ерекше көрініс берді. Базар құрылысы соңғы технологияларға сай, жер сілкінісіне төзімді етіп салынған.
Жабық павильон қолданысқа берілгелі алғашқы ауқымды жаңғырту жұмыстары 2017 жылы жүргізілді, екіқабатты автопаркингі бар 20 мың шаршы метрлік жаңа екіқабатты павильон пайда болды.
Көк базар - Алматының ең көрікті жерлерінің бірі, көкөністер мен жемістерден бастап, зергерлік бұйымдарға дейін сатып алуға болады. Сауда аумағында баяғы Шығыс базарының атмосферасы әлі де сақталған. Негізгі павильонға Өзбекстан мен Тәжікстан тауарлары, корей сәбізі мен кимчи секілді корей тағамдары, сүт және ет өнімдері қойылса, ал жаңа павильон қазақстандық фермерлердің өнімдерін төмендетілген қолжетімді бағамен сатуға бағытталған. Базарға іргелес тұрған "Колос" павильонында электр тауарларынан бастап, ұлттық кәдесыйларға дейін сатылады.
"Көк базарға" келушілер тауар түрлерінің көптігін, ыңғайлы орналасуын, сауда көркін қыздыратын тауар бағасын және ет пен көкөніс сапасын жоғары бағалайды.
Көк базарға келушілерге арналған пайдалы кеңестер
Базарға бармас бұрын тауар бағасын бір зерттеп алыңыз. Нәтижесінде саудагер ұсынған тауар мен бағаның қаншалықты тиімді екенін білесіз. Саудаласуға және нарықты зерттеуге ұялмаңыз, сатып алар кезде тауар бағасы қымбаттау көрінуі мүмкін, бірақ көк базардағы тауарлардың бағасы басқа сауда орындарынан әлдеқайда төмен. Базарда сатып алатын азық-түліктің дәмін татып көруге қысылмаңыз, сатушылар көбіне дәмін татып көруге рұқсат етеді. Мүмкін болса, базарды жақсы білетін қала тұрғындарымен бірге жүріп сауда жасаңыз, себебі тұрақты келушілердің сапалы қызмет көрсететін және бағасын түсіріп беретін таныс "сатушылары" бар. Базарды аралауға көбірек уақыт бөліңіз - көк базарда сауда жасауға бір сағат жеткіліксіз екенін ескеру қажет.Егер сіз Алматының тыныс-тіршілігін шынайы сезінгіңіз келсе, міндетті түрде көк базарға барыңыз. Бұл - сауда орны ғана емес, жергілікті мәдениет пен дәстүрді шынайы сезінетін орта.
Показать комментарии