Реклама
Реклама

Алматыда жаяу серуендеуге арналған ең жайлы жерлер

Фото shutterstock.com

Алматы жаяу жүргіншілерге жағдай жасалған Қазақстан қалаларының ішіндегі ең үздігі болуға ұмтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы жаяу жүргіншілерге жағдай жасалған Қазақстан қалаларының ішіндегі ең үздігі болуға ұмтылады.

Панфилов және Жібек Жолы көшелері

Бұл жер халық арасында Арбат деп аталып кеткен. XIX ғасырдың аяғында-ақ мәдени және сауда нүктесі ретінде танымал болған - Жібек Жолы бұрын Сауда жолы деп аталды, дәл осы жерде қаладағы алғашқы базарлардың бірі "Жасыл базар" пайда болды. Кеңес заманында республикадағы тұңғыш ОӘД (ЦУМ) ашылды, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаңа дәмханалар жаппай пайда бола бастады.

Реклама
Реклама

Панфилов пен Жібек жолы көшелері 2017-2019 жылдары жүргізілген ауқымды абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде көркейе түсті. Осы көшелер қиылысындағы серуендеу аймағының жалпы ұзындығы 1,4 шақырымнан асады. Абаттандыру жұмыстарынан кейін мұнда әртүрлі воркаут аймағы мен ойын алаңдары, қолөнер дүкендері, орындықтар мен қондырғылар пайда болды.

Панфилов көшесін жаңарту кезінде гранит тақтайшалар төселді, сондай-ақ құрылысшылар асфальт астынан кездейсоқ табылған ХХ ғасырдың 30 жылдарынан қалған ескі тас төсенішті қозғаған жоқ.

Қазір енді бұл жер - көше музыканттары, бишілер мен суретшілер жиналатын, шығармашылық кештер өтетін орын. Алматы Арбатының аумағында жыл сайын заманауи немесе дәстүрлі өнер фестивалдері өтеді. Бұл қала тұрғындарының есінен кетпейтін қалалық дәстүрге айналалып келеді. Мұнда тек әуесқойлар емес, кәсіпқойлар да өнер көрсетуге келеді. Шығармашылық топтар мен бэндтердің кейбірі осы Арбаттағы таныстық нәтижесінде құрылған болатын.

Төлебаев көшесі

Төлебаев көшесі қазақ ұлтының тұңғыш композитор-классигі Мұқан Төлебаевтың құрметімен аталады. Бұрын ол Сергиопольская, Фонтанная және Абай көшесі деп аталған еді және Алматыдағы ең көне көшелердің бірі. Көше орталығында тас төсеніш төселген, жаңа орындықтар қойылған, тренажерлер мен ойын алаңдары салынған жаяу жүргіншілерге арналған аллея бар. Аллея жиегіне ағаштар отырғызылған, әсіресе әдемі шыршалар көп.

Ескерткіштер мен қызықты орындардың қатарында Мұқан Төлебаев ескерткіші, әйгілі "Арасан" монша кешені, ҚазКСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың, жазушылар Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің музей-үйлері, аты аңызға айналған рок-музыкант Виктор Цойдың ескерткіші бар.

Тереңқұр

Тереңқұр немесе "денсаулық соқпағы" 1974 жылы кіші Алматы өзенінің бойында салынған. Егер басқа жаяу жүргіншілер аймақтары жай серуендеуге арналса, бұл жерде спорттық демалысқа көбірек көңіл бөлінеді - соқпақ еңістеу орналасқандықтан скандинавиялық серуендеуге, жүгіруге, велосипед тебуге өте ыңғайлы. Соқпақтың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен -1058 метр, ал ең төменгі нүктесі -876 метр.

Тереңқұр бойында демалуға арналған орындықтар көп, асықпай кофе ішуге болатын жұмсақ пуфиктер де бар. Жоғарғы бөлігінде үйректер жүзіп жүрген әдемі тоған, воркаут алаңдары, теннис үстелдері мен футбол алаңы бар, ал әл-Фараби даңғылынан сәл жоғарырақ үйлердің бірінің қабырғасында фотосурет үшін пайдалануға болатын ерекше айна орнатылған. Өзен үстіндегі көпірлер де әдемі көріністі сурет түсіруге арналғандай.

Показать комментарии
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная