ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қандай музейлерге баруға болады?
Алматы - Қазақстанның мәдени астанасы, ел тәуелсіздігінің бесігі және республика тарихындағы аса маңызды оқиғалардың өрбіген және жалғасып жатқан орны. Қала музейлері туристерге өнер, археология, этнография және ел мен аймақ өмірінің көптеген басқа аспектілері туралы білуге көмектеседі, өткенге үңіліп, бүгінге басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы - Қазақстанның мәдени астанасы, ел тәуелсіздігінің бесігі және республика тарихындағы аса маңызды оқиғалардың өрбіген және жалғасып жатқан орны. Қала музейлері туристерге өнер, археология, этнография және ел мен аймақ өмірінің көптеген басқа аспектілері туралы білуге көмектеседі, өткенге үңіліп, бүгінге басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі
Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Музей қорында 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтары сақталған. Ең қызықты жәдігерлердің қатарында: Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" көшірмесі, Қарғалы және Жалаулы қалаларының орнынан табылған бірегей көне алтын бұйымдар, сақ кезеңіндегі көшпенділердің қару үлгілері бар.
Музейде тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жыл сайын мамыр айында Халықаралық мұражайлар күнінде мұражай жәдігерлерінің ішіндегі ең көнесі "Мұражайдағы түн" акциясында көрермен назарына ұсынылады. Сол күні музейге кіру тегін.
Алматы музейі
Алматы тарихының музейі бұрынғы Вернен балалар үйінің ғимаратында орналасқан. Музей экспозициясында 40 мыңнан аса экспонат бар. Ыңғайлы болу үшін олар 11 кезеңге бөлінген: "Алматының ежелгі тарихы", "Ортағасырдағы Алматы тарихы", "Қазақ мемлекеттігінің бастауы", "Жетісу этнографиясы", "Алматының Вернен кезеңінің тарихы", "XX ғасырдағы Алматы", "Мәдениет пен өнер дамуы", "Альпинизм тарихы", "Желтоқсан", Алматы және ұлт көшбасшысы", "Бейбітшілік және келісім моделі". Музейде сіздер тарихи видеоматериалдар проекциялары мен сирек артефактілерді голограмма түрінде көре аласыздар.
Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы
Еліміздегі ең үлкен өнер мұражайы. Қазақстан, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдері суретшілерінің өткен дәуір мен қазіргі заманды бейнелеген туындылары қойылған. Экспонат саны 25 мыңнан астам.
Белгілі суретші Әбілхан Қастеевтің "Түрксіб", "Ақсай карьері", "Амангелді отряды" сияқты картиналары мен қазақ жазушысы жас Абай портреті - коллекциядағы құнды туындылар. Сондай-ақ келушілер назарына ресейлік және еуропалық живопись үлгілері де ұсынылған. Түрлі техникадағы графикалық жұмыстар жиынтығы - ою, линогравюра және литография, сонымен қатар мүсіндер жиынтығымен ерекшеленеді. Музей интерактивті көрмелерді жиі ұйымдастырады, бұл әсіресе кішкентай келушілерге ұнайды.
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
Қазақ ұлттық музыкасы тарихынан сыр шертетін Алматыдағы бірегей орын. Туристер қазақ әуені үнімен ежелгі музыкалық аспаптар тарихымен танысады. Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптар мен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 34 елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1300-ден астам экспонат бар. Солардың ішінде қазақ ұлттық аспаптарының ең бай коллекциясы жинақталған: шу аспаптары (тұяқтас, зырылдауық, сақпан, шартылдауық, тоқылдақ, қоңырау), соқпалы аспаптар (дабыл, дауылпаз, шұңқыр, шын), ішекті аспаптар (домбыра, жетіген, қобыз), үрмелі аспаптар (сырна, сыбызғы, керней, желбуаз) және құрақ (шаңқобыз) аспаптары.
Жамбыл Жабаев музей кешені
Мұнда бір ғасыр өмір сүріп, қазақ жырының даңқын асқақтатқан жыр алыбы Жамбыл өмір сүрген. Осы үйде лирикалық, тұрмыстық, әлеуметтік-сатиралық әндер, қаһармандық поэмалар мен ертегілер жазылған. Ақын тұрған үйге ешқандай өзгеріс енгізілмеген. Үйдің қабырғаларынан бастап, ішіндегі бұйымдарына дейін сол бұрынғы күйінде, тіпті ақынның 75 жылдығына үкімет сыйға тартқан Ford Model B үлгісіндегі ГАЗ М жеке автокөлігіне дейін сақталған. Мұражай Жамбыл өмір сүрген дәуірдің бет-бейнесін көз алдыңа елестетеді.
Қазақ жазушылары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов пен Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйі де ерекше назар аударуға лайық. Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйінде ҚазКСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы өмірінен сыр шертетін үш мыңнан астам жәдігер сақтаулы.
Показать комментарии