Алматыда көруге тұрарлық көркем галереялар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Алматы - шабыт шалқитын қала. Бұл шығармашылыққа шек қойылмаған жер. Егер сіз өнерді бағалаушылар қатарынан болсаңыз, қазақ шеберлерінің жауһар туындыларын тамашалауға кеңес береміз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - шабыт шалқитын қала. Бұл шығармашылыққа шек қойылмаған жер. Егер сіз өнерді бағалаушылар қатарынан болсаңыз, қазақ шеберлерінің жауһар туындыларын тамашалауға кеңес береміз.

Almaty Gallery

Галереяда Қазақстан, жақын және алыс шетел суретшілерінің топтық және жеке көрмелері өтеді. Өнер сүйер қауым жас және дарынды суретшілердің туындыларымен танысып қана қоймай, кескіндеме секілді түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, өнер тарихы бойынша дәрістер тыңдай алады.

Мекенжайы: Достық даңғылы, 44.

"Қандай тамаша жәдігерлер", "Мен жаңажылдық ойыншықтар көрмесіне бардым, жаңажылдық музыка ойнап тұрды, керемет атмосфера, жаңажылдық көңіл-күймен қайттым", - деп жазады ризашылықтарын білдірген келушілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ??????? (@almaty.gallery)

Arvest

Көркем галереяда кескіндеме, графика, мүсіндер, керамика заттарын тамашалауға болады. Көрме кішігірім болғанымен, келушілер мен сатып алушыларға ұсынылатын картиналар жетерлік және бағасы да қолжетімді.

Мекенжайы: Бөгенбай батыр, 75.

"Галерея иесі өнер туындыларын экспорттау ережелері туралы өте жақсы біледі және оның клиенттерінің ешқайсысына елден шыққан кезде кеденде сұрақтар туындамауы үшін қажетті құжаттарды рәсімдейді", - дейді өнерді бағалаушылар.

Esentai Gallery

Галерея Италияның ең көне галереяларының бірі studio d' Arte Cannaviello-мен бірлесіп ашылды. Мұнда Орталық және Еуропа елдері суретшілерінің көрмелері өтеді. Келушілер шеберлік сабақтарына қатысып, өнер әлеміндегі заманауи тенденциялар туралы дәрістер тыңдап, шеберлердің туындыларын сатып ала алады.

Мекенжайы: Әл Фараби, 77.

"Менің сүйікті жерім, ерекше көрмелер, сонымен қатар тегін, кішкентай болса да, өте қызықты жабдықталған кеңістік, уақытты рахаттана өткізесіз", "Алматыдағы менің сүйікті галереяларымның бірі", "әрдайым жағымды атмосфера" - Esentai галереясын қала тұрғындары мен қонақтары осылай сипаттайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Esentai Gallery (@esentaigallery)

Art lаne

Галерея - өнер кітапханасы мен мүсін бақшасы үйлесімді көршілес орналасқан таңғажайып кеңістік. Мұнда қазақстандық және шетелдік заманауи суретшілердің жұмыстары қойылған. Әрбір келуші Art Lane кітапханасын толықтыра алады.

Мекенжайы: Гоголь, 15.

"Қайда қарасаң да - өнер туындысы, шығармашылық жандарға арналған орын", "қымбат кітапхананың атмосферасы, маған қатты ұнады", "жақсы қызмет көрсету және көптеген қызықты кітаптар, сондықтан мен осында оралғым келеді".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Art Lane (@artlane_almaty)

Ұмай Тәңірі

Галерея сіздің назарыңызға кескіндеме, графика, мүсін, сәндік және зергерлік бұйымдар жиынтығының мол таңдауын ұсынады. Сіз үйге, кеңсеге немесе сыйлыққа алматылық, қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларын сатып ала аласыз.

Мекенжайы: Панфилов, 103.

"Өте әдемі, керемет атмосфера", "Алматыда қызықты көрмелер өтетін бірнеше орындардың бірі".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri Umai (@tengriumai_gallery)