ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы ең үздік "инстаграмдық" орындар
Фото Depositphotos.com
Егер саяхаттан Instagram-да сурет жарияланбаса, онда саяхаттың болмағаны деген сөз. Осылай ойлайтындар мен әдемі көріністерді суретке түсіргенді ұнататындар үшін Алматыда фотосессияға арналған ең қызықты орындарды ұсынамыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Егер саяхаттан Instagram-да сурет жарияланбаса, онда саяхаттың болмағаны деген сөз. Осылай ойлайтындар мен әдемі көріністерді суретке түсіргенді ұнататындар үшін Алматыда фотосессияға арналған ең қызықты орындарды ұсынамыз.
Табиғат аясы
Алматыдағы фотосессиясының стандартты бағдарламасына міндетті түрде "Шымбұлақ" таушаңғы курорты мен "Медеу" биік таулы спорт кешені кіруі тиіс. Іле Алатауы тауларының фонындағы сурет "мен Алматыда болдым" дегенді білдіреді. Егер фонда "Көк-Төбе" телемұнарасы болса, тіпті кермет. Бірақ ол үшін Көктөбеге шығу керек. Жазда Көкжайлау үстіртінде тау баурайындағы шыршалар фонында әдемі фотосуреттер түсіруге болады. Ал шілде айында Алматы маңындағы Первомайский тоғандарында лотос гүлдейді.
Күз мезгілінде ең тартымды жерлердің бірі – Аққайың қайың тоғайы. Желмен жарыса жерге төселген жапырақтар бейне бір алтын кілем төсеп қойғандай. Бұл көрініске қайың ағашының ақ діңі сән бере түскендей. Қандай әдемі кадрлар түсіруге болатынын елестете беріңіз.
Қыста Бутаков сарқырамасы – шынайы әрі атмосфералық кадр түсіруге керемет орын. Мұзға айналған сарқырама ертегі әлеміне тап болғандай әсер етеді. Ал Богданович мұздығы маңында тамаша кадрлар түсіру үшін гидпен бірге барған дұрыс.
Depositphotos.com
Саябақтар
Алматыда фотосессия өтетін саябақтар арасындағы ең танымалы, әрине, Ботаникалық бақ. Мұнда тек Қазақстанның ғана емес, Еуропа, Солтүстік Америка және Шығыс Азия елдерінің де ағаштары мен өсімдіктері өседі.
Тоған жанында жасалған кадрлар Левитан картиналарын еске түсірері сөзсіз. Ал Жапон бақшасы немесе гүлденген бұталар мен ағаштардың жанында жасалған кадрлар көпшілік көңілінен шығары анық.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы Орталық Азиядағы ең үлкен фонтанымен, жасыл желегімен, әдемі ағаштарымен ерекше. Сондай-ақ шығыс стиліндегі шатыры бар орынжайлар мен әдемі көріністі көз алдыңа әкелетін ашық алаң бар.
Орталық демалыс саябағында сіз субұрқақ атқылағын көркем көлді, шолу дөңгелегін, балалар теміржолын, сондай-ақ әсем көпірлері бар таңғажайып ротондаларды таба аласыз.
Тереңқұрда әдемі суреттер түсіруге болатын көпірлер көп, ал жоғарғы жағында орынжайлар мен терассалары бар тоған орын алған. Осы мақсатта Есентай өзенінің жағалауын да қарастыруға болады – зәулім ғимараттар суретіңізге сән берері анық.
Depositphotos.com
Урбанистикалық суреттер
Алматыда тарихи ғимараттар фонында ерекше фотосуреттер түсіруге болатын көптеген орын бар. "Классикалық орын" деп Қазақстан-Британ техникалық университетін атауға болады – мұнда монументалды ғимарат фонында ойға батқан адамның портретін жасауға болады.
Вознесенск кафедралды соборы маңайындағы көгершіндердің ұшу сәтін түсіре алсаңыз, сіз нағыз фотографсыз. Фотосессия үшін ерекше орын деп метрополитенді айтуға болады. Әр станциясы ерекше және әдемі безендірілген. Республика алаңын да ұмытпаған жөн. Мұнда Тәуелсіздік монументі мен фонтандар, муралдар суретіңіздің әдемі шығуына кепіл болмақ.
Depositphotos.com