Реклама
Реклама

Суреттердегі Алматы рухы: Мозаика және сграффито

Қазақстанның ең үлкен мегаполисін ашық аспан астындағы мұражай деп атауға болады. Алматыда жүзге жуық ескерткіш және одан да көп инсталляциялар, 50-ден астам мурал мен қала көшелеріне сән беріп тұрған жүзден астам мозаика мен сграффито бар. Бұл мақалада біз Алматыға ерекше көрік беріп тұрған ең әсерлі мозаика мен сграффито туралы айтамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ең үлкен мегаполисін ашық аспан астындағы мұражай деп атауға болады. Алматыда жүзге жуық ескерткіш және одан да көп инсталляциялар, 50-ден астам мурал мен қала көшелеріне сән беріп тұрған жүзден астам мозаика мен сграффито бар. Бұл мақалада біз Алматыға ерекше көрік беріп тұрған ең әсерлі мозаика мен сграффито туралы айтамыз.

Сидоркиннің жұмыстары

Евгений Сидоркин сияқты кеңестік кезеңнің шеберлері мозаика өнерінде нағыз кемелдікке қол жеткізіп, Алматының көптеген көрнекті ғимаратына өз қолтаңбасын қалдырды. Оның ең танымал жұмыстарының бірі - бұрынғы кинотеатр - "Целинный" заманауи мәдениет орталығының ғимаратындағы сграффито (Масанчи көшесі, 59). Онда қазақ халқының өмірінен көріністер бейнеленген. Бұл өнер туындысы ұзақ уақыт бойы пластикалық панельдердің астында қалып, көзден таса болған, кейін қайта жаңарту жұмыстары кезінде табылды.

"Целиный" кинотеатрының алды. Фото Tengrinews.kz

Оның Ғабит Мүсірепов атындағы театр ғимаратының фронтонындағы (Абылай хан көшесі, 38) еңбегі өте жақсы сақталған. Онда үрмелі және ішекті аспаптары бар музыканттар мен бишілер, шығыс және еуропалық екі жұп ортасындағы қазақтың ұлттық киімін киіп, әшекей бұйымдарын таққан қыз бейнеленген. Бұл сурет халықтың мәдени өмірінің бай мұрасын көрсетеді.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының қос бүйірі (Абай даңғылы, 44). Сидоркиннің сграффиттосымен безендірілген. Бір композицияда жеңіл және ауыр атлеттер, волейболшылар, гимнасттар мен биатлоншы бейнеленген. Екінші композицияда қысқы спорт түрлері: хоккей мен мәнерлеп сырғанау спорты суреттелген.

Твердохлебовтың жұмыстары

Монументалист-суретші Владимир Твердохлебов - көптеген өнер туындысының авторы, ең танымалдарының бірі - ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғимараты жанындағы "Шығыс күнтізбесі" фонтаны (Шевченко көшесі, 28). Ол Зодиак белгілеріндегі 12 фигурамен безендірілген, ал түбінде су перілері, балықтар және басқа теңіз жануарлары бейнеленген мозаика бар. Айтпақшы, Ғылым Академиясының интерьеріндегі витраждар мен мозаика - Твердохлебовтың жұмыстары. Оның тағы бір көрнекті жұмысы - "Алматы" қонақүйінің қасбетіндегі "Жібек жолы" мозаикасы (Қабанбай батыр көшесі, 85).

"Шығыс күнтізбесі" субұрқағы. Фото Visit Almaty

Кенбаев пен Цивчинскийдің жұмыстары

Қонақүйдің қасбетінде қазақтың "Еңлік-Кебек" шығармасынан бірнеше көріністі бейнелейтін панноны көзіңіз шалған болар. Оның авторлары - суретшілер Молдахмет Кенбаев пен Николай Цивчинский. Олардың қалыңдықтың суреті бейнеленген витраждары "Сымбат" сән үйінің (Қонаев көшесі, 43) сәнін келтіріп тұр. Ал "Кәдесый ұсынған қыз" композициясы Көктөбенің келбетін ашып тұр.

"Еңілік-Кебек" панносы. Фото monumentalalmaty.com

Егер сіз "Шымбұлаққа" барсаңыз, онда суретшілердің 1975 жылғы туындысы - спортшылар бейнеленген үлкен панельді тамашалай аласыз. Сондай-ақ, Цивчинскийдің ғарышкерлерді бейнелеген мозаикасы Желтоқсан, 59 мекенжайындағы ғимаратқа, ал оның "Қыз - Жібек" панелі Неке сарайына (Абай көшесі, 101) көрік беріп тұр.

Показать комментарии
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная