“4,7 миллион теңге жоғалған“. Сарапшылар iPhone иелеріне ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“4,7 миллион теңге жоғалған“. Сарапшылар iPhone иелеріне ескерту жасады Фото:depositphotos.com/ seemantaduttaskv@gmail.com

Британдық зерттеушілер қаскөйлерге бұғатталған iPhone-ның өзінен 10 мың долларға (шамамен 4,7 миллион теңге) дейін қаражат жымқыруға мүмкіндік беретін осал тұсын анықтады, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі 9To5Mac-қа сілтеме жасап.


Британдық зерттеушілер қаскөйлерге бұғатталған iPhone-ның өзінен 10 мың долларға (шамамен 4,7 миллион теңге) дейін қаражат жымқыруға мүмкіндік беретін осал тұсын анықтады, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі 9To5Mac-қа сілтеме жасап.

Схема қалай жұмыс істейді?

Зерттеушілер Иоан Буряну мен Том Чотия iPhone-ды қарапайым NFC-терминалы арқылы "алдауға" болатынын анықтаған. Смартфон өзін қаскөйдің қолында емес, метро немесе автобустағы турникет алдында тұрмын деп сеніп қалатын көрінеді.

Apple жүйесінде "Экспресс-транзит" атты пайдалы (бұрын солай көрінген) функция бар. Ол жол ақысын құпия сөз енгізбестен және Face ID арқылы бет-әлпетті сканерлеместен, бір рет түрту арқылы төлеуге мүмкіндік береді.

Зерттеушілердің мәліметінше, қаскөй кәдімгі төлем терминалын көліктік терминал ретінде ауыстырып қоя алады. Мұндай жағдайда iPhone бұл операцияны жол ақысын төлеу ретінде қабылдап, қосымша растаусыз өткізіп жібереді.

Қанша қаражат жымқырылды

Танымал Veritasium арнасының блогерлері бұл теорияны іс жүзінде тексеруді жөн көрген: олар экранды бұғаттан шығармай-ақ, өз телефондарынан 10 мың долларды (шамамен 4,7 миллион теңге) есептен шығара алды.

Қандай карталарға қауіп төніп тұр?

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл осалдық тек Apple Pay-ге қосылған және Express Transit функциясы үшін пайдаланылатын Visa карталарына ғана қатысты.

Mastercard және өзге де төлем жүйелерінде мұндай сценарий мүмкін емес.

Apple мен Visa не дейді?

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Apple бұл мәселе Visa тарапынан транзакцияларды өңдеу ерекшеліктеріне байланысты екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Visa пайдаланушыларды тыныштандырды: тіпті осы осалдық салдарынан қаражат ұрланған жағдайда да, ақша нөлдік жауапкершілік саясаты аясында қайтарылуы тиіс.

Сондай-ақ компания мұндай сценарийдің күнделікті өмірде жүзеге асуы екіталай екенін баса айтты. Компания ақпаратынша, шабуыл жасау үшін бірнеше шарттың бір мезетте сәйкес келуі және арнайы жабдық қажет.

Tengrinews