Шымкент тұрғыны көршілер чатындағы жазбалар үшін өтемақы өндіріп алды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com

Шымкент тұрғыны үйдің WhatsApp-тағы ортақ чатында өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазылғанын көрген. Ол бұл мәселені сотқа дейін жеткізуді жөн көрген, деп хабарлайды Tengri Life.


Шымкент тұрғыны үйдің WhatsApp-тағы ортақ чатында өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазылғанын көрген. Ол бұл мәселені сотқа дейін жеткізуді жөн көрген, деп хабарлайды Tengri Life.

Не болды?

Оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі баяндады. Тұрғынның көршілерінен моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша іс қаралғаны хабарланды.

"Талап қоюшы өзінің арызында жауапкерлер "WhatsApp" ортақ үй чатында өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазғанын көрсеткен", - деп хабарлады сот.

Мән-жайы

Дегенмен соттасудың қажеті болмады: тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Жарнама
Жарнама
Анықтама. Медиация – бұл екі тараптың да мүдделері ескеріліп, өзара тиімді бейбіт шешімге қол жеткізілетін дауларды реттеу рәсімі.

Нәтижесінде тараптар медиативтік келісім жасады: талап қоюшы арызынан бас тартты, ал жауапкерлер талапты мойындап, мамырдың соңына дейін оған 150 000 теңгеден төлеуге міндеттенді.

Сот келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты, сонымен қатар талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық фитнес-клубқа бармай, абонементті қайтармақ болған: іс тексеріске дейін жетті

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама