Тәжікстан тұрғындарына жұмыс арасында 20 минут үзіліс берілмек: бұл уақытта не істейді?

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com

Тәжікстандағы жұмыс күні бұдан былай міндетті 20 минуттық үзілісті қамтуы тиіс, бірақ бұл түскі ас немесе кофе ішуге арналмаған. Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін күнделікті дене жаттығуларын ұйымдастыруға міндеттелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Asia-Plus басылымына сілтеме жасап.


Тәжікстандағы жұмыс күні бұдан былай міндетті 20 минуттық үзілісті қамтуы тиіс, бірақ бұл түскі ас немесе кофе ішуге арналмаған. Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін күнделікті дене жаттығуларын ұйымдастыруға міндеттелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Asia-Plus басылымына сілтеме жасап.

Жаңа норма елдің Денсаулық сақтау кодексіне енгізілген түзетулерге енді. Тәжікстанның Әділет министрі Музаффар Ашуриённің түсіндіруінше, бұл талап меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарға қатысты.

"Жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғаларға тәулігіне кемінде 20 минут тұрақты дене жаттығуларын өткізу міндеті жүктелді", - деп келтіреді басылым министрдің сөзін.

Жарнама
Жарнама

Жаттығу үшін жай ғана үзіліс жариялау жеткіліксіз болады. Ұйым басшылары спортпен шұғылдануға жағдай жасап, дене белсенділігіне өздері де қатысуы тиіс.

Ашуриённың айтуынша, жаңашылдық семіздік пен қант диабетінің алдын алуға, сондай-ақ халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Түзетулер туралы не белгілі?

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 17 маусымда Денсаулық сақтау кодексіне өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы ақпаратты "Ховар" мемлекеттік агенттігі жариялады.

Ресми хабарламада қабылданған заңдар қант диабетінің алдын алу мен оны емдеуге де бағытталғаны айтылған.

Кесте бойынша жаттығу

Тәжікстанда ұжымдық жаттығулар бұрын да өткізіліп келген. Кейбір мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда қызметкерлер оған өз еркімен қатысатын.

2018 жылы мемлекеттік ведомстволар мен мекемелердің қызметкерлері үшін міндетті сенбілік жаттығулар енгізілді. Ұйымдар үшін кесте құрылып, жаттығу орындары белгіленді. Жаттығу таңғы сағат 07:00-де басталып, жарты сағатқа жуық жалғасатын.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама