WhatsApp-қа жаңа функция қосылады

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com/ dimarik

Көпшілікте бірнеше сағаттық тыныштықтан кейін кіргің келмейтін чаттар болады, өйткені оқылмаған хабарламалар тым көп. WhatsApp бұл мәселені шешу жолын ұсынды: жақын арада жаңа функция қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengri Life.


Көпшілікте бірнеше сағаттық тыныштықтан кейін кіргің келмейтін чаттар болады, өйткені оқылмаған хабарламалар тым көп. WhatsApp бұл мәселені шешу жолын ұсынды: жақын арада жаңа функция қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengri Life.

Мән-жайы

WabeTaInfo ақпаратынша, WhatsApp-та хат-хабарларды тезірек түсінуге мүмкіндік беретін оқылмаған чаттарды қысқаша мазмұндау функциясы сыналып жатыр.

Функция әзірленіп, Android-қа арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында сыналып жатыр. Сонымен қатар компания оны iOS жүйесіне де енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Идея қарапайым: үзілістен кейін WhatsApp-ты ашып, чаттағы ондаған хабарламаны көресіз. Оларды бір-бірлеп оқып шығудың орнына, жазысқан хаттардың қысқаша мазмұнын бірден алуға болады.

Мазмұндама Meta AI арқылы құпиялылықты сақтай отырып жұмыс істейді деп күтіледі - WhatsApp та, Meta да хабарламаларға қол жеткізе алмайды.

Функция қашан пайда болады?

WabeTaInfo мәліметінше, оқылмаған чаттардың қысқаша мазмұнын жасау функциясы әзірленіп жатыр және алдағы жаңартулардың бірінде пайда болады. Сынақ аяқталғаннан кейін, әр чатты жеке-жеке ашпай-ақ оқылмаған хабарламаларды қарауды жеңілдету үшін ол алдымен бета-пайдаланушылардың бір бөлігіне іске қосылады.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама