06 қаңтар 2020 17:12

"Ақтөбе" клубының хоккейшілері қар құрсауында қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

"Ақтөбе" клубының хоккейшілері жоғарғы лигадағы кезекті ойынға қатысу үшін жолға шығып, қар құрсауында қалып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 спортшы Ақтөбеден Петропавл қаласына Қостанай арқылы 5 қаңтарда жол жабылғанға дейін шығып кеткен. Олар Қазақстан чемпионатының екінші кезеңіне бара жатқан. Хоккейшілермен бірге екі бапкер және екі жүргізуші болған. Кешкісін ауа райы бұзылып, ойыншылар Тимирязев - Сарыкөл - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы тасжолында тұрып қалған. 

Автобусты қар құрсауынан шығару үшін автогрейдер мен бульдозер көмегіне жүгінген. Тимирязев ауданының әкімі спортшылар үшін түскі ас ұйымдастырды. Ойын 7 қаңтарда Петропавл қаласындағы Винокуров атындағы спорт кешенінде өтеді. "Ақтөбе" және "Қызылжар" хоккей клубтары кіл мықтыны анықтайтын болады", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети