30 наурыз 2014 22:23

Әлем чемпионатына әзірленетін ұлттық құрама тізімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет icehockey.kz сайтынан Сурет icehockey.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мамыр айында әлем чемпионатына қатысады. Осыған орай, ұлттық құрамамыз оқу-жаттығу жиынына шақыртылатын ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды <a href="https://kaz.tengrinews.kz/" target="_blank">Tengrinews.kz</a>.


Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мамыр айында әлем чемпионатына қатысады. Осыған орай, ұлттық құрамамыз оқу-жаттығу жиынына шақыртылатын ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды <a href="https://kaz.tengrinews.kz/" target="_blank">Tengrinews.kz</a>.

ҚР шайбалы хоккей федерациясының таратқан мәліметіне сүйенсек, әлем чемпионаты қарсаңындағы бірінші оқу-жаттығу жиыны 20-25 сәуір аралығында Астанада өтпек. Бірақ кейбір ойыншыларымыз «жаттығу жиыны 14 сәуірде басталады» деп жүр.

Бұдан кейінгі оқу-жаттығу жиыны Италия мен Францияда өтеді. Онда біздің ұлттық құрама осы екі елдің құрамаларымен төрт жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, 29 сәуірде Трентода, 30 сәуірде Азиагода Италия құрамасымен кездеспек. Ал 3 мамырда Руанда, ал ертеңінде Парижде Франция құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, дайындықтарын пысықтамақ көрінеді.

Осы ретте айта кетейік, Италия және Франция ұлттық құрамалары да биыл әлем чемпионатының жоғары дивизионында бақ сынайды. Бірақ олар «А» тобында ойнайды да, біздің құрама «В» тобында сынға түседі.

Финн маманы Ари-Пекка Селин жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіге 7 мамырда ұшып барады. Ал әлем чемпионаты аясындағы бірінші ойынын 10 мамырда Германия хоккейшілерімен өткізеді.

Енді алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған хоккейшілер тізімімен таныс болайық:

қақпашылар:
Виталий Еремеев («Барыс», Астана)
Виталий Колесник («Локомотив», Ярославль)
Алексей Кузнецов («Югра», Ханты-Мансы)
Дмитрий Мальгин («Барыс»)
Алексей Иванов («Спартак», Мәскеу)
Павел Полуэктов («Барыс»)

қорғаушылар:
Роман Савченко («Барыс»)
Евгений Блохин («Барыс»)
Максим Семенов («Барыс»)
Алексей Литвиненко (ХК «Барыс»)
Лакиза Артемий (ХК «Барыс»)
Владислав Колесников («Барыс»)
Евгений Фадеев («Барыс»)
Кевин Даллмэн (СКА, Санкт-Петербург)
Алексей Васильченко («Трактор», Челябинск)
Андрей Корабейников («Қазцинк-Торпедо», Өскемен)
Юрий Сергиенко («Қазцинк-Торпедо»)
Антон Казанцев («Ермак», Ангарск)
Владимир Гребенщиков («Барыс»)

шабуылшылар:
Талғат Жайлауов («Барыс»)
Николай Антропов («Барыс»)
Роман Старченко («Барыс»)
Дмитрий Уппер («Барыс»)
Федор Полищук («Барыс»)
Андрей Гаврилин («Барыс»)
Михаил Рахманов («Барыс»)
Константин Пушкарев («Барыс»)
Константин Романов («Барыс»)
Михаил Паньшин («Барыс»)
Вадим Краснослободцев («Торпедо», Нижний Новгород)
Евгений Гасников («Лада», Тольятти)
Евгений Рымарев («Қазцинк-Торпедо»)
Александр Казначеев («Қазцинк-Торпедо»)
Константин Савенков («Қазцинк-Торпедо»)
Максим Беляев («Қазцинк-Торпедо»)
Алексей Анциферов («Барыс»)
Никита Михайлис («Барыс»)
Антон Сагадеев (ХК «Барыс»)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети