21 наурыз 2014 21:06

Астаналық "Барыс" Гагарин кубогының екінші раундында "Салават Юлаев" клубынан жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті "Барыс" клубының баспасөз қызметі ұсынды. Суретті "Барыс" клубының баспасөз қызметі ұсынды.

Астаналық "Барыс" Гагарин кубогының екінші раундтағы бірінші матчында Уфаның "Салават Юлаевынан" жеңіліп қалды деп хабарлайды Vesti.kz. Хоккейшілер кездесуі Астананың "Қазақстан" спорт сарайында өтті. "Алғашқы үшінші минутта-ақ "Барыс" суырылып алға шыққан болатын. Шеберлік танытқан - Майк Ландин. Ойынның 34-ші минутында "Салават Юлаев" Дмитрий Макаровтың көмегімен ұпайды теңестіріп кетті. Үшінші кезеңнің басында Алексей Кайгородовтың мергендік танытуымен уфалықтар алға шығуға мүмкіндік алды. 57-ші минутта Николай Антропов ұпайды қайтадан теңістірді. Қонақтарға сәттілік сыйлаған овертайм болды. 2:3 - бұл "Барыстың" ҚХЛ плей-оффындағы алғашқы жеңілісі. Қақпаға салынған барлық шайбаның бейнежазбасын мына арадан тамашалай аласыздар. "Барыс" пен "Салават Юлаевтың" келесі кездесуі ертең, 22 наурызда Астанада өтеді. Еске сала кетелік, "Барыс" турнирден Екатеринбургтің "Автомобилисін" (4-0 ұпайымен) ығыстырып, тарихта алғашқы рет ҚХЛ плей-оффының екінші раундына жолдама алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети