08 наурыз 2014 21:13

"Барыс" "Автомобилистке" азуын әзер батырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hcbarys.kz сайтынан Сурет hcbarys.kz сайтынан

Бүгін «Барыс» Гагарин кубогының «Шығыс» конференциясындағы ширек финалында Екатеринбургтің «Автомобилисімен» кездесіп, ұзаққа созылған шиеленісті матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Соңғы ойындарда «Барыс» маусым басындағыдай емес, сылбыр ойнап жүр. Бұл ойында да «Барыстың» маусым басындағы қарқынды ойын үлгісін көре алмадық... Рас, төрешілер де екі рет «Барыстың» ойыншыларын айдыннан қос-қостан қуып, соның екіншісінде қонақтар есепті теңестіріп кетті. Әрине, бес ойыншыға үш хоккейшімен қарсы тұру оңай емес. Десек те, «Барыс» хоккейшілері баяғыдай шиыршық атып тұрған жоқ. 22 қыркүйек күні «Барыс» дәл осы «Автомобилист» клубын Астанада 7:2 есебімен ойсырата жеңіп еді. Қазір сол ойындағыдай көсіле сілтей алмай жүр. Әсіресе, үнемі Қазақстан клубын алға сүйреп жүретін солтүстікамерикалық екпінді үштігіміздің ойындары жүрер емес... Бұл матчта бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екіншісінде қонақта есеп ашып, алға шықты. Бірақ үш жарым минуттан кейін «Барыс» таразы басын теңестірді. Голды Роман Старченко соқты. Үшінші кезеңнің басында Роман Старченко өзі аттас Роман Савченкомен тізе қоса отырып, «Барысты» алға шығарған. Бірақ төрешілер бірінен соң бірі екі ойыншымызды айдыннан қуып, Екатеринбург клубы артық құрамда есепті теңестіріп кетті. Осылай ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, овертаймға жүгінуге тура келді. Мұны овертайм дегеннен гөрі төртінші кезең деген де дұрысырақ болар. Себебі плей-оффта овертаймдар толыққанды кезең ретінде өткізіледі: бес ойыншыдан, 20 минут бойы. Бірақ бірінші овертаймда (төртінші кезеңде) есеп өзгерген жоқ. Тек бесінші кезең басталған бетте, яғни 81-минутта қорғаушы Роман Савченко бірер толғап, пәрменді соққысымен алыстан «Автомобилист» қақпасын дәл көздеді. Гол! «Барыс» жеңді. Сөйтіп ұзаққа созылған бірінші матчта 3:2 есебімен басым түскен «Барыс» жалпы есепте бір жеңіспен алға шықты. Екінші ойын – ертең, тағы да елордада. Естеріңізге сала кетейік, екеуара дода төрт жеңіске дейін созылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети