21 қаңтар 2014 11:55

"Барыс" Минскінің "Динамосынан" жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hcdinamo.by сайтынын алынды Фото hcdinamo.by сайтынын алынды

Астананың "Барыс" хоккей клубы Хұрлықтық хоккей лигасының аясында Минскінің "Динамо" командасынан овертаймда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда төрінде өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 (1:0, 0:0, 0:1) есебімен аяқталды. Есепті айдын иелері ашты. Кездесудің үшінші минутында артық құрамды пайдаланған "Барыс" Брэндон Боченски соққан шайбаның арқасында алға шықты. Бұл америкалық легионеріміздің биылғы маусымдағы 24-ші голы еді. Екінші кезеңде көрермендер гол көре алған жоқ. Тек үшінші кезеңнің орта шебінде ғана беларустар Андрей Стася соққан голдың арқасында есепті теңестіріп кетті. Сөйтіп, ойын овертаймға жетіп, Лукаш Краичек "Динамоға" жеңіс сыйлады. Осылайша, "Барыс" өз айдынындағы қатарынан үшінші кездесуде жеңілістің кермек дәмін татты. Бұған дейін елордалықтар өз айдынында "Донбасстан" (2:6) және "Медвешчактан" (1:3) жеңіліп қалған. Ал "Динамо" өз кезегінде төрт жеңілістен тұрған сәтсіздіктер сериясын бұзды. Осы кездесуден "Барыс" 89 ұпаймен "Шығыс" конференциясында екінші орнында қалды. Минскінің командасы болса, 46 ойында 44 ұпай еншілеп, "Батыс" конференциясында соңғы орында келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети