"Барыс" тарихта екінші рет Чернышев дивизионын жеңді

17 Ақпан, 10:53
0
"Барыс" тарихта екінші рет Чернышев дивизионын жеңді -

"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ чемпионатында өз алаңында Омск қаласының "Авангард" командасынан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен негізгі және овертайм ойындары 1:1 есебімен аяқталды, ал буллиттер сериясында қонақтар дәлірек болды. Бұл "Барысқа" бір ұпай алуға кепілдік берді. Осылайша "Барыс" "Авангардты" жеткізбей Чернышев дивизионында көш бастады. 

Сонымен қатар, "Барыс" мерзімінен бұрын ҚХЛ Шығыс конференциясында екінші орынды иеленді. Астаналық клубтың осы жарыстың көш басшысы "Автомобилист" командасын озып кетуге әлі де мүмкіндік бар. Қалған үш ойынды "Барыс" қонақта өткізеді. 

Ойынның 13-ші минутында "Барыс" алға шықты, ал шайбаның авторы ҚХЛ-дағы ең ұзын хоккейші Виктор Свидберг болды. Бірінші айналымда шайбаның соғылуымен қатар, тағы бір жағдай есте қалды. "Барыс" сұрмергені Павел Акользин "Авангард" шабуылшысы Кирил Петровты бір соққымен нокаутқа түсірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Екінші айналымда шайба соғылмады. Тек 49-шы минутта "Авангард" қорғаушысы Никита Пивцакин астаналық клуб қақпасынан саңылау таба білді. Содан кейін ойын овертаймға көшті. Ұзақ уақыт бойы қаралған видео қайталаудан соң "Барыс" сапында өнер көрсетіп жүрген швециялық сұрмерген Андре Петерссонның шайбасы есептелмеді. Овертаймда командалар жеңімпазды анықтай алмады. Сосын буллиттерге көшті. Қазақстан құрамасының қақпашысы Хенрик Карлссонның орнына чехиялық Доминик Граховина шықты. Ойын соңында жетінші мүмкіндіктен "Авангард" сұрмергені Сергей Широков өз командасына жеңіс алып келді. 

Осылайша "Барыс" ҚХЛ-да осы маусымда "Авангардтан" төртінші рет жеңілді. Қалған үш ойынды "Барыс" Қиыр Шығыста өткізеді: 19 ақпанда "Адмирал", 20 ақпанда - "Амур", ал 22-і "Кунлунь". Осы үш команда да плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.

Гагарин кубогы ойындары екі конференцияда да 25 ақпанда басталады. Жарыстың жеңімпазы "Ак Барс", ал астаналық "Барыс" 2014 жылы және 2017 жылы үздік өнер көрсеткен. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай