20 наурыз 2014 13:14

Бойжеткендеріміз әлем чемпионатын жеңіліспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет iihf.com сайтынан Сурет iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіліспен бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы іріктеу додасы болатын. Қазақстан бойжеткендері айдын иелері Польша U-18 құрамасының қыздарымен кездесіп, 1:4 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды 43 минутта қорғаушы Ева Богдашова соқты. Жалпы, бұл ойында біздің құрама айдын иелерінің қақпасына 28 соққы бағыттаған. Ал Польша қыздары Қазақстан U-18 құрамасының қақпасын 70 рет (!) нысанаға алған. Мұзайдындағы матчтың 60 минутқа созылатындығын ескерсек, бұл кездесуде ойынның қалай өрбігенін соққылар қатынасына қарап-ақ, өздеріңіз де көз алдарыңызға елестете беріңіздер. Бұл ретте қақпашымыз Татьяна Можаеваны айрықша атап өтуге тиіспіз. Ол осы 70 соққының 66-сын тойтарған! Бүгін кешке біздің қыздар Австрия аруларымен кездеседі. Олардың деңгейі Польша U-18 құрамасымен шамалас. Яғни бүгінгі кездесуде де команда капитаны Мадина Тұрсынова бастаған қыздарымызға Австрия аруларына төтеп беру оңай бола қоймас... Жалпы, Польшада өтіп жатқан бойжеткендер арасындағы бүкіләлемдік біріншілікте әзірше үш ойын өтті. Нәтижелері төмендегідей: Польша – Италия – 2:1 (буллит) Австрия – Қытай – 7:1 Польша – Қазақстан – 4:1

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети