Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Канадалық "жаңа қазақ" ұлттық құрамаға қосылды

22 Сәуір 2014, 13:11
0
Суретте – Кевин Даллмэн. Фото: yvision.kz
Суретте – Кевин Даллмэн. Фото: yvision.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн бас командамыздың сапына келіп қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz отандық хоккей федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Негізі, Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын 14 сәуірде бастап кеткен. Бірақ бірнеше ойыншының әртүрлі себептермен бастапқы оқу-жаттығу жиынына кешігіп келетіндері алдын-ала жарияланған. Сол хоккейшілер бірте-бірте ұлттық құрама сапына келіп қосылып жатыр.

Кеше, мысалы, тамырында Канада қаны соққан қорғаушымыз келді. Ол өзінің отбасын тарихи отанына апарып салып, сонда біраз күн тынығып қайтқан болатын.

Кевин бірден жаттығу жұмыстарын бастауға құлшынып отырған көрінеді. Бүгін ұлттық құрама дем алатын күн екен. Бірақ Даллмэн бұған қарамай, жаттығуға кіріспек секілді. Әрі "біраз дем алдым, енді өз командамызға қосылу мүмкіндігі туғанына қуаныштымын" депті.

Естеріңізге сала кетейік, біздің құрама алғашқы оқу-жаттығу жиынын Мичурино ауылындағы базада өткізіп жатыр. Сәуірдің аяғында жаттығу жиынын Италия мен Францияда жалғастырып, осы екі елдің ұлттық құрамаларымен жолдастық кездесулер өткізеді. Ал 7 мамырда Минскіге ұшып барып, әлем чемпионатының жоғары дивизионында бақ сынайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай