11 қаңтар 2020 12:03

Қазақстандық хоккейші қыз жасөспірімдер Олимпиадасында командасына жеңіс сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сали Сабиров © Сали Сабиров

Жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні аяқталды. Мұз айдынына шыққан қазақстандық хоккейшілер өз командаларына жеңіс әкелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні аяқталды. Мұз айдынына шыққан қазақстандық хоккейшілер өз командаларына жеңіс әкелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олимпиада ойындарында алғаш рет шайбалы хоккейден 3х3 форматындағы турнир өтіп жатыр. Жасөспірім ерлер мен қыздар арасында өтіп жатқан жарысқа сегіз командадан қатысады. Олардың тобы әртүрлі түске бөлінген. Іріктеу кезеңінде командалар өзара ойнайды, ал жартылай финалда төрт үздік ұжым кездеседі. Аталған сында Қазақстан атынан екі қақпашы қатысып жатыр. Олар - Алексей Байдек пен Кристина Чернова. Алғашқы матчта қазақстандық спортшылардың командасы жеңіске жетті.

Алексей Байдек сұр түсті команданың жеңіске жетуіне үлес қосты. Олар көк түсті команданы 9:8 есебімен ұтқан. Ал Кристина Чернова қызғылт сары командасымен бірге қызыл формадағы қарсыластарын 6:4 есебімен жеңді.

11 қаңтарда командалар екі ойыннан өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети