14 сәуір 2014 11:36

Кевин Даллмэн "Барысқа" қайта келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кевин Даллмэн.Сурет: gazeta.ru Кевин Даллмэн.Сурет: gazeta.ru

Санкт-Петербургтік "СКА" командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн астаналық "Барыс" командасына оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.


Санкт-Петербургтік "СКА" командасының қорғаушысы Кевин Даллмэн астаналық "Барыс" командасына оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

33 жастағы хоккейшінің "СКА" клубымен келісімшарты 2014 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. Бірақ Кевин ол келісімшартты уақытынан бұрын бұзып, Қазақстанға келуі мүмкін. Дэллмэнның "Барыс" клубына қайта оралуының басты себебі ретінде Беларусь елінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетуі айтылуда.

Спорт-Экспресс сайтының хабарлауынша, ол астаналық командамен 3 жылға келісімшарт жасамақ. Еске салайық, бұл хоккейші "Барыс" сапында 2008-2012 жылдар аралығында төрт маусым бойы ойнаған. Ал Қазақстан азаматын канадалық хоккейші 2013 жылы алып, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңінде еліміздің намысын қорғаған. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Кевин Даллмэн Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өткізген 29 матчта 9 ұпай (5+4) және плей-офф кезеңінде 10 ойында 9 ұпай жинады. Қазақстан хоккей федерациясының мәліметі бойынша, Дэлман хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының сапына 21 сәуір күні қосылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети