16 қыркүйек 2019 11:07

Ойын барысында жанкүйерлер хоккейшіні жабылып ұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ресейдің Новосібір қаласында әуесқой командалар арасындағы матч кезінде хоккейшілердің бірі мен жанкүйерлер арасында төбелес шықты. Видео "ВКонтакте" желісіндегі "Новосибирская служба эвакуации "АСТ-54" паблигінде жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұзайдында "Драйв-2" пен "Кристалл Обьгэс-2" кездесу өткізген. Ойын барысында хоккейші мен жанкүйерлер арасында жанжал шыққан. 

Ойыншыға екі жанкүйер тап берген: оны жерге құлатып, тепкінің астына алған. Оқиғаға команданың өзге мүшелері араласуға тырысады - шабуылдағандарға клюшкамен бөгет жасауға тырысқан. Ақыры төбелесті төрешілер тоқтатты.

Төбелеске мұз үстіндегі хоккейшілер арасындағы жанжал себеп болған. Ойын кезінде "Драйв" ойыншысы "Кристалл" хоккейшісін боқтаған. Осы кезде жанкүйерлер ойыншыдан неге олай еткенін сұрайды. Ойыншы сұрақ қойған адамды ұрған сәтте, жанкүйерлер жауап ретінде оның өзін соққыға жыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети