24 наурыз 2014 18:04

"Сарыарқа" бәрінен бұрын жартылай финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hc-saryarka.com сайтынан Сурет hc-saryarka.com сайтынан

Қарағандының "Сарыарқасы" "Кубань" (Краснодарь) клубын төрт рет қатарынан жеңіп, Ресейдің Жоғары хоккей лигасы аясындағы Братина кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алғашқы екі ойын Қарағандыда өткен. Екеуінде де "Сарыарқа" аса қиналмай жеңіске жетті. Ол екі ойынның нәтижелері – 5:3 және 6:3. Одан кейінгі екі матчтың ысқырығы Краснодарда безілдеді. Түздегі бірінші ойын шектен тыс тартысты өтті. Бірақ кеншілер клубы мол тәжірибелерінің арқасында ойын барысын бағамдап, айдын иелерінен жеңіске қажетті бір гол ғана артық соғып, үшінші рет басым түсті (3:2). Осылай үш рет қатарынан ұтылған "Кубань" хоккейшілері екпін алған "Сарыарқаны" енді тоқтата алмастарын біліп, тізгіндерін тартпаса да, аптықтары басылып қалды. Ал "Сарыарқа" төртінші матчта жауапсыз үш гол соғып, Краснодарь клубын төртінші рет тізе бүктірді (3:0). Ширек финалдағы ойындар барысында кеншілер клубы жеңіске қажетті ғана күш-жігер жұмсап, баз-базында қарқындарын бәсеңсітіп отыратындарын да байқадық. Бәрі де есеппен... Сірә, жартылай финалға шығатындарын, ал келесі кезеңдегі қарсыластары тым азулы команда болатындығын білетіндіктен, алдағы ойындарын да ойлап жүрген сияқты. Қалай десек те, қазақтың "Сарыарқасы" Кубань казактарының қарымды клубын аса қиналмай, «ұрып алды"... Енді алған үш жұптағы ойындарды тосамыз. Оның бірінде, азуын айға білеген «Торос» көпшілікті таңдандырып, жалпы есепте Воронеж клубынан 1:3 есебімен ұтылып жатыр. Ал «Рубинь» дәл осындай есеппен Пенза хоккейшілеріне басымдық танытуда. Төртінші жұпта Пермь және Орск клубтары бір-бірімен аянбай тайталасып жатыр. Братина кубогының ширек финалы: /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /5/ "Кубань" (Краснодар) – 4:0 (5:3, 6:3, 3:2, 3:0) /1/ "Торос" (Нефтекамск) – /9/ "Буран" (Воронеж) – 1:3 /2/ "Молот-Прикамье" (Пермь) – /7/ "Южный Урал" (Орск) – 2:2 /3/ "Рубин" (Тюмень) – /6/ "Дизель" (Пенза) – 3:1

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети