13 наурыз 2014 19:46

"Сарыарқаның" ширек финалдағы қарсыласы – "Кубань"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hc-saryarka.com сайтынан алынды Фото hc-saryarka.com сайтынан алынды

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында плей-оффтың екінші кезеңіне шыққан командалардың бәрі анықталды. Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының ширек финалында "Кубань" (Краснодар) клубымен кездесетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Братина кубогының 1/8 финалында Балашиханың "Динамосын" бес матчта жолынан тайдырған "Сарыарқа" енді Краснодар клубымен кездесетін болды. "Кубань" бірінші белесте Тольяттидің "Ладасын" алты матча, яғни 4:2 есебімен жеңген болатын. Осы екі клуб арасындағы бірінші және екінші матчтар 18-19 наурыз күндері Қарағандыда өтеді. Ал 22 және 23 наурызда Краснодарда жалғасады. Қажет болса, бұдан кейінгі ойындар 26 наурызда (Қарағандыда), 28 наурызда (Краснодарда) және 30 наурызда (Қарағандыда) өтуі керек. Естеріңізге сала кетейік, ширек финалдағы додалар да төрт жеңіске дейін созылады. Братина кубогының ширек финалы: /1/ "Торос" (Нефтекамск) – /9/ "Буран" (Воронеж) /2/ "Молот-Прикамье" (Пермь) – /7/ "Южный Урал" (Орск) /3/ "Рубин" (Тюмень) – /6/ "Дизель" (Пенза) /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /5/ "Кубань" (Краснодар) Айтпақшы, Жоғары хоккей лигасының Үздік ойыншыларды анықтайтын комиссиясы плей-оффтың бірінші сатысындағы теңдессіз ойыншыларды анықтады. Сондағы төрт номинацияның екеуінде "Сарыарқа" хоккейшілері үздік танылды. Владимир Ковач алғашқы кезеңнің ең үздік қақпашысы болып танылды. Ол өз қақпасына бағытталған соққылардың 97,8 пайызын тойтарған. Әрі екі ойында бірде-бір гол жібермей, "құрғақ" шықты. Ал Константин Макаров "ең үздік шабуылшы" номинациясында үздік танылды. Ол бес ойында 7 ұпай (5 гол + 2 пас) еншілепті. Әрі бес ойында бір голдан соғып отырған. Оның екі голы "Сарыарқаны" жеңіске жеткізген. "Сарыарқа" хоккейшілері енді ширек финалда да үздік шығып, «Кубань» клубынан айлаларын асыруларына тілектеспіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети