Ақтөбеде бес қабатты үйдің тұрғындары жаңбыр суын жинап, түнде ұйықтамай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде бес қабатты үйдің тұрғындары жаңбыр суын жинап, түнде ұйықтамай жүр almaty.tv

Ақтөбеде жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған бес қабатты үйдің тұрғындары үйлерін жиі су басу мәселесіне тап болғанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды TengriНоме тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Ақтөбеде жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған бес қабатты үйдің тұрғындары үйлерін жиі су басу мәселесіне тап болғанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды TengriНоме тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Жаңбыр салдарынан қабырғалар үгітіліп жатыр, ал ылғалдан кіреберістерге жағымсыз иісті зең жайылған. Меншік иелері бірнеше жылдан бері жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарына қол жеткізуге тырысып келеді, алайда жағдай өзгерер емес.

Үй тұрғыны Оксана Артамонычеваның айтуынша, қабырғалардан су ағуы үшін аз ғана жаңбырдың өзі жеткілікті.

"Жақында үйге кірсем - міне, мына жердің сылынып қалғанына біраз болды, өйткені көктем бойы су тоқтаусыз ағып жатыр, бітер түрі жоқ! Дәлізде жарық жоқ, сымдарды үстінен тартуға тура келді. Бәрі үгітіліп түсіп жатыр. Түнде ұйықтамай, осы суды жинап шығамын", - деді әйел.

Бес қабатты үйде 90 пәтер бар, бірақ ең көп зардап шегетіндер - жоғарғы қабат тұрғындары. Тұрғындардың айтуынша, шатыр мәселесін өз беттерімен шешуге тырысқан, бірақ ішінара жөндеу тиімді болмай отыр. Өткен жылы меншік иелері жаңғыртуға өтінім берген. Құжаттар жиналып, мердігермен келісім жасалған, бірақ бәрі қаражатқа келіп тірелді.

"2025 жылы біз тұрғын үй инспекциясына, жаңғырту үшін барлық материалдарды дайындадық. Бірақ бізді 2026 жылға шегеріп тастады. 2026 жылға тағы да кезекке тұрдық, бірінші болып өткіздік. Барлық жерге бардық - бізге "Күтіңіздер!" деді. Маусымда сессия болады, сонда біздің үйді жақсартуға қаражат бөлу мәселесі көтеріледі", - деді МИБ төрайымы Зейнегүл Сейітова.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі жобалық сметаны дайындап, облыстық әкімдікке жіберді. Бірақ ол жақта да бәрі қарастыруды қажет ететін қаржы мәселесіне келіп тіреліп тұр.

"Жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, бюджеттік өтініммен бірге облыстық әкімдікке жолданды. Қазіргі уақытта мәселе мәслихаттың қарауында", - деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Әсима Омарова.

Қаражат мәслихаттың алдағы сессиясында бөлінуі тиіс. Ал әзірге тұрғындар үйдің биылғы жаңбырлы маусымға шыдас берер-бермесін білмей дал.

TengriEdu
Join Telegram