Алматыда үйді күтіп ұстау тарифын екі есе арттыру жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда үйді күтіп ұстау тарифын екі есе арттыру жоспарланып отыр Фото: ©️ Tengrinews.kz / Игорь Неволин

Тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін 70 теңге. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы үйді басқару мен күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның ең төменгі мөлшерін дәл осы деңгейде белгілеуді ұсынып отыр. Басқарма тиісті жобаны Ашық НҚА сайтында жариялады. Қазір құжат талқылау сатысында. TengriHome сарапшыдан келер жағдайдың қалай болатынын сұрап білді.

Тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін 70 теңге. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы үйді басқару мен күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның ең төменгі мөлшерін дәл осы деңгейде белгілеуді ұсынып отыр. Басқарма тиісті жобаны Ашық НҚА сайтында жариялады. Қазір құжат талқылау сатысында. TengriHome сарапшыдан келер жағдайдың қалай болатынын сұрап білді.

Ең төменгі тариф деген не?

Ең төменгі тариф — бұл пәтер иелерінің үйді және шатыр, кіреберіс, жертөле, коммуникация сияқты ортақ мүлікті басқару мен күтіп ұстауға ай сайын төлейтін сомасы. Алматылықтарға бұл төлем түбіртектерде ПКТ — пәтерді күтіп ұстау шығындары ретінде таныс.

Анықтама: Ең төменгі тарифті бәрі бірдей қолданбайды! Ол меншік иелері жалпы жиналыста басқару органын (МИТ, ЖСН) немесе төрағаны таңдамаған, сондай-ақ өздерінің бұдан жоғарырақ жарна сомасын белгілемеген жағдайда қолданылады. Немесе басқару органдары бар болса да, тұрғындар ПКТ-ны ең төменгі мөлшерден асырып көтеруге келіспеген жағдайда пайдаланылады.

"Минималка" неге жұмсалады?

Талғат Мұхамедғалиевтің айтуынша, бұл ең төменгі сомаға үйді басқару мен күтіп ұстау бойынша негізгі қызметтер кіреді.

Апта сайын:

  • кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, лифт кабиналарын ылғалды тазалау.

Ай сайын:

  • қызметкерлердің жалақысы, сервистік компанияларға төлемдер;
  • салықтар, жарналар, аударымдар, офисті ұстау шығындары;
  • ауланы тазалау, көгалдандыру, қар мен мұздан, соның ішінде шатырды тазарту.

Жылына бір рет:

  • жалпы үйлік инженерлік жүйелерді маусымдық пайдалануға дайындау, жалпы үйлік есептегіш аспаптарға қызмет көрсету;
  • газдың жиналуын, түтінді және су басуды анықтайтын дабылқаққыштарға, автоматты өрт дабылы жүйелеріне техникалық қызмет көрсету.

Жылына төрт рет:

  • ортақ пайдаланылатын орындарды дератизациялау, дезинсекциялау және дезинфекциялау;
  • жылыту кезеңінде — тәулік бойы; жылыту кезеңінен тыс уақытта — айына екі рет;
  • кондоминиум нысанының инженерлік жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету.

Ең төменгі тарифті кім және қалай белгілейді?

Бірқатар материалдарында TengriHome мұны кім және қалай белгілейтіні туралы егжей-тегжейлі баяндаған болатын. Ең төменгі тарифті бекітумен жергілікті жерлерде — республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, сондай-ақ аудандар айналысады. Талғат Мұхамедғалиев есептеулерді тұрғын үй инспекциясы жүргізетінін нақтылады. Негіз ретінде арнайы әдістеме алынады, ол бойынша жылдық шығындардың толық сомасы үйдің барлық пәтерлерінің жалпы алаңына және 12 айға бөлінеді. Нәтижесінде тұрғын үйдің бір шаршы метріне шаққандағы теңгемен көрсетілген сома шығады. Айтпақшы, өткен жылдан бастап ең төменгі тарифті айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байлау міндеттелген. Ұсынылған ең төменгі жарна мөлшерін талқылау және бекіту — мәслихаттың құзырында.

"Яғни, қазір ұсынылып отырған 70 теңге мөлшеріндегі жарна жоба аясында осы жылдың 5 маусымына дейін қоғамдық талқылау үшін сайтқа орналастырылды. Содан кейін мәслихат сессияларының бірінде аталған тариф талқыланып, дауысқа салынуы тиіс. Егер депутаттар бұл жаңашылдықты қолдаса, сол сәттен бастап тариф бекітіледі. Заң бойынша ол бір жыл бойы күшінде болуы керек. Келесі жылы оны қайта бекіту қажет. Негізінде оны жыл басында қабылдау керек. Бірақ бізде мұны уақытылы жасайтындар некен-саяқ. Тарифтері бірнеше жыл бойы өзгермеген өңірлер де бар", — дейді Талғат Мұхамедғалиев.

70 теңге. Алматы үшін көп пе әлде аз ба?

Былтырдан бері Алматыда шаршы метріне 40 теңгелік тариф қолданыста. Егер депутаттар жаңасын бекітсе, қала тұрғындары 70 теңгеден төлеуге тиіс болады. Бұл көрсеткіш бойынша мегаполис Астанадан сәл асып түсті. Елордада биыл наурыз айында "базалық" құн шаршы метріне 69,2 теңгеге дейін жеткізілді. Оған дейін 57 теңге болған еді. Айтпақшы, біз сондай-ақ еліміздің үш мегаполисі мен барлық облыс орталықтарындағы ең төменгі тарифтердің толық тізімін жариялаған едік. Алматы үшін ұсынылған жаңа тарифке оралсақ, қазіргі қолданыстағысымен салыстырғанда айырмашылық едәуір. Алайда, спикердің пікірінше, қызмет көрсету нарығындағы бағаларды ескерсек, үйлерімізді лайықты деңгейде күтіп ұстау үшін тіпті 70 теңге де жеткіліксіз болуы мүмкін.

"Табыс деңгейі өсіп жатқан жоқ дегенмен дауласпаймын, мұны түсінемін. Бірақ бұл басқа мәселе. Құрғақ тілмен айтсақ, көппәтерлі тұрғын үйге, әсіресе 50 жыл болған, барлық инфрақұрылымы әбден тозған, бәрі тот басқан, бәрі қирап, жан-жақтан су ағып тұрған үйге бұл сомамен де күн көру қиын", — дейді Мұхамедғалиев нық сеніммен.

Оның айтуынша, егер алдымызға мақсат қойып, үйдің жағдайы жақсы болуы үшін ай сайын оған нақты қанша қаражат жұмсау керегін есептеп шығарсақ, ең төменгі тариф 100 теңгеден кем болмауы мүмкін. Сарапшы қала бұл көрсеткішке келесі жылы жетуі мүмкін деп болжады. Алматыда үйді күтіп ұстау тарифын екі есе арттыру жоспарланып отыр

TengriEdu
Join Telegram