Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Facebook WhatsApp мессенджерін сатып алатындығын жариялады

20 Ақпан 2014, 09:39
0
Facebook әлеуметтік желісі WhatsApp мессенджерін сатып алатындығын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP-ке сілтеме жасап. Мәміле соммасы 16 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Келісілген мәмілеге сәйкес, WhatsApp қожайындары Facebook-тың жалпы көлемі 12 миллиард долларға пара-пар келетін акциясына ие болып қана қоймай, одан бөлек 4 миллиард долларды қолдарына алады. Сондай-ақ келісім-шартта көрсетілгеніндей WhatsApp-тың иелері мен қызметкерлері алдағы 4 жылда Facebook-тан қосымша 3 миллиард долларға тең акциясына да құда түсулеріне қақысы бар.

Еске саламыз, 2013 жылы сәуірде Google компаниясының WhatsApp мессенджерін бір миллиард АҚШ долларына сатып алуға келіссөз жүргізіліп жатқаны жөніндегі ақпарат тараған болатын. Google WhatsApp-ты иелену арқылы Google Voice, Google Hangouts және Google Talk-ті қолданушыларға дыбыс және бейне байланыстың жаңа түрін ұсынбақшы болған.

Нақтырақ айтқанда, WhatsApp хат, сурет, аудио және бейне материалдарды жіберуде байланыстың SMS пен MMS түріне балама болып табылады. Қазіргі таңда WhatsApp қызметін әлем бойынша 450 миллион адам пайдаланады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай