Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Facebook қолданушылардың суреттерін ескертусіз өшіре бастайды

14 Маусым 2016, 09:50
0
© Therunet.com
© Therunet.com

Facebook шілде айынан бастап әлеуметтік желіге сурет жүктеу ережесін өзгертеді. Жаңа ережеге сәйкес, компания қолданушылардың дұрыс емес деп танылған кез келген суретін өшіріп тастай алады, - деп хабарлайды PhoneArena.

Сонымен қатар, iPhone смартфонынан автоматты режимде жүктелген барлық альбом өшіріледі. Яғни, iPhone тұтынуышлары 7 шілдеге дейін Moments қосымшасын жүктеп алуы тиіс, олай болмаған жағдайда әлеуметтік желіге аккаунттан және смартфоннан тікелей жүктелген суреттер өшіріледі.

Қазір Facebook қолданушыларға әлеуметтік желідегі суреттерді сақтап алуға кеңес беріп жатыр. Компания өкілдері неліктен мұндай шешім қабылданғанын да түсіндіріп берді. Олардың айтуынша, сурет Moments қосымшасы арқылы жүктелетіндіктен, бұл қолданушыларға Интернет трафигін үнемдеуге көмектеседі. Дегенмен кейбір қолданушылар қосымшаны міндетті түрде орнату қажеттілігіне наразылық білдірді.

Еске салайық, 2012 жылдан бастап iPhone және iPad тұтынушылары үшін Facebook профиліне суретті синхрондау функциясы болған еді. Яғни, суреттер автоматты түрде жеке альбом болып сақталатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай