11 қараша 2014 18:35

Әлем кинокомпаниялары ресейліктен 11 миллион рубль талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©medialawmonitor ©medialawmonitor

Әлем кинокомпанияларының мүддесін қорғайтын Ресейдің пираттарға қарсы ұйымы (РПҚҰ) авторлық құқықты бұзғаны үшін Набережные Челны қаласының тұрғынынан 11 миллион рубль немесе 240 мың доллар соманы талап етіп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости


Әлем кинокомпанияларының мүддесін қорғайтын Ресейдің пираттарға қарсы ұйымы (РПҚҰ) авторлық құқықты бұзғаны үшін Набережные Челны қаласының тұрғынынан 11 миллион рубль немесе 240 мың доллар соманы талап етіп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Тергеудің мәліметінше, 34 жастағы Семенов Интернетке әлем кинокомпанияларының бірнеше фильмін заңсыз орналастырған. Ол авторлық құқықты 2009 жылдың мамыры мен 2010 жылдың сәуірі аралығында бұзған. Дербес компьютерінің көмегімен terabits.ru порталында "Х адамдар", "50 алғашқы сүйіс", "Плезантвиль", "Түлкі мен аңшы төбеті", "Бұрынғы құрбылардың елесі", "Австралиядағы құтқарушылар", "Шерлок Холмс", "Тікелей және айқын дөңайбат" және "Ғарыш бақташысы" фильмдерінің контрафакт нұсқаларының 10 торрент-файлын көпшіліктің пайдалануына ұсынған. 

Ресей тұрғынының әрекетінен 20th Century Fox Film Corporation, Sony/Columbia Pictures Industries Inc., Warner Bros. Entertainment Inc., Disney Enterprises Inc. және Paramount Pictures Corporation кинокомпаниялары зардап шеккен. Ақпарат құралдарының мәліметінше, Семенов авторлық құқықты бұзғанын мойындамай отыр. Тергеу барысында ол өз әрекетін заңға қайшы деп есептемейтінін айтқан. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети