Әлемдегі ең бай адам Instagram желісінде аккаунт ашты

13 Тамыз 2017, 11:39
0
Әлемдегі ең бай адам Instagram желісінде аккаунт ашты - Билл Гейтс. © REUTERS/Rick Wilking
Билл Гейтс. © REUTERS/Rick Wilking

Әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді. Ол қайырымдылық шараларын насихаттау үшін 12 тамызда аккаунт ашты, - деп хабарлайды Medialeaks.

Microsoft өнімін құрастырушы бірінші суретін Танзанияда (Шығыс Африка) Мухеза провинциясында бастауыш сынып оқушыларымен кездескен сәтінде түсірілген суретін жариялады. Сонымен қатар ол сол уақытта көп назар аударылмаған тропикалық ауруларға қарсы күрес жүргізіп жүрген дәрігер Упендо Мвингирамен кездесті. Әлемнің ең бай адамының айтуынша, ол жары Мелиндамен Танзанияда жиі болады екен. Миллиардер Танзания билігін денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктері үшін алғыс білдірді. 

Оның аккаунтында қымбат яхталар мен көліктердің болмайтыны сөзсіз, себебі ол бұл парақшаны әлемнің үшінші елдеріндегі тұрмыстық жағдайы және оларға қалай көмек беруге болатыны туралы жазады. 

Microsoft құрылтайшысы Билл Гейтс төртінші рет әлемдегі ең бай адам болып қалып отыр. 2017 жылы наурызда оның жағдайы 59 миллиард долларға бағаланған. Өткен жылмен салыстырғанда оның табысы 11 миллиардқа жеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай