Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Австрияда 25 мың адам Facebook желісін сотқа берді

09 Сәуір 2015, 14:28
0
© REUTERS
© REUTERS

Facebook желісінің 25 мыңнан аса қолданушысы дербес деректерінің заңсыз қолданылғаны үшін Австрияның астанасы Венаның сотына ұжымдық арыз түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Активист Макс Шремстің бастауымен бас көтерген Facebook қолданушылары әлеуметтік желіні жеке өмірге қол сұқпаушылық тәртібін бұзды, дербес деректерді заңсыз жинақтап, таратты, сондай-ақ "лайктар" мен қосымшалардың көмегімен қолданушыларды аңдыды деп айтыптап отыр. "Мәселе Facebook желісінің дербес деректерді сақтайтынында емес, мәселе оларды өшіруге болмайтынында", - деп есептейді Шремс.

Неміс ақпарат құралдарының мәліметінше, желінің еуропалық қолданушыларының жеке ақпараттары америкалық арнайы қызметтің бақылауында. Ол деректерге АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің PRISM бағдарламасы кіре алады. Айта кетейік, егер қолданушылар бұл істі жеңіп шығатын болса, Facebook-тің 25 мың қолданушының әрбіріне 500 еуродан - жалпы сомасы 12,5 миллион еуро төлеуіне тура келеді.

Еске сала кетейік, 2014 жылы АҚШ-тың екі азаматы Facebook әлеуметтік желісін сотқа беріп, мақсатты жарнама үшін олардың жазысқан хаттарын сканерледі деп шағымданды. Арызданушылар әлеуметтік желі қолданушылардың хаттарын сканерлеу арқылы жеке өмірді сақтауға қатысты федералдық заңды бұзды деп айыптады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай