16 мамыр 2018 16:24

Болашақ министрлер! Горшокта отырып әңгімелескен бүлдіршіндер Қазнетті тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желі қолданушылары горшокта отырып әңгімелескен балалардың видеосын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желі қолданушылары горшокта отырып әңгімелескен балалардың видеосын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы кадрлардан горшокта отырған екі баланың өз тілдерінде сөйлесіп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, видеода балалар бір-біріне ымдап, бастарын изеп жатады. Соңында олар әңгімелерін тоқтатып, ойға кетеді.

Желі қолданушылары "балалар осылайша елдегі экономикалық жағдайды талқылап жатыр" деп әзілдеп жатыр.

"Өмірімдегі тыңдаған ең қызықты әңгіме болды!", - деп пікір қалдырған Instagram қолданушыларының бірі.

Тағы бір қолданушы "Горшокта отырып-ақ жаһандық проблемаларды шешіп жатыр! Тәп-тәтті балалар" деп жазған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети