Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Браузерде 2ГИС картография қызметінен ақау шықты 06 қазан 2022, 16:53

Қазақстандықтар 2ГИС картография қызметі қосымшасын пайдалануда қиындықтар пайда болғанын жазып жатыр. Карта браузерде қолжетімсіз. Ақпаратқа
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстандықтар 2ГИС картография қызметі қосымшасын пайдалануда қиындықтар пайда болғанын жазып жатыр. Карта браузерде қолжетімсіз. Ақпаратқа компанияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақаулар 2gis.kz сайтына кіру кезінде де, сайттың орыс тіліндегі нұсқасына ауысқанда да байқалады.

"2ГИС қызметтері уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. 2ГИС жүйесіне күшті DDoS-шабуылы жасалып жатыр, сондықтан 2gis.ru және қолданбалардағы кейбір қызметтер жұмыс істемейді. Біз қызметтерді қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, бірақ әзірге нақты уақыт кестесін айта алмаймыз - мұндай күшті шабуылға бірінші рет тап болдық", - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Қызмет әкімшілігі бұл жүйе жақын арада жөнделеді деп сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram