22 қараша 2021 12:25

Еуропада WhatsApp-ты пайдалану ережелері өзгерді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

WhatsApp-қа Еуропада деректерді қорғауға байланысты айыппұл салынды. Осы жайтқа қатысты мессенджер құпиялылық саясатын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsApp-қа Еуропада деректерді қорғауға байланысты айыппұл салынды. Осы жайтқа қатысты мессенджер құпиялылық саясатын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсенбіден, 22 қарашадан бастап WhatsApp әзірлеушілері жиналған деректер және оның Еуропада қолданылуы туралы қосымша ақпарат беру үшін құпиялылық саясатын өзгертеді.

Жаңа құпиялылық саясатында Еуропа мен Ұлыбританиядағы пайдаланушы ақпараты қалай қолданылатыны және Meta және Instagram әлеуметтік желілерімен қалай жұмыс істейтіні туралы айтарлықтай көбірек ақпарат бар екені айтылды. Сондай-ақ, компания трансшекаралық деректерді қалай қорғайтынын және оны өңдеудің құқықтық негіздерін егжей-тегжейлі түсіндіретінін айтты.

"Бұл жаңарту пайдаланушы деректерін ешкімге, соның ішінде Meta-ға өңдеу, пайдалану немесе беру жолымызды өзгертпейді және қалай жұмыс істейтінімізді өзгертпейді. Пайдаланушыларға жаңа келісім немесе WhatsApp пайдалануды жалғастыру үшін қандай да бір әрекет жасау қажет емес", - делінген хабарламада.

Бұл қадам Ирландияның Деректерді қорғау комиссиясы (DPC) Еуропалық Одақтың деректерді қорғау жөніндегі жалпы ережесін бұзғаны үшін қыркүйекте WhatsАpp-қа рекорд 225 миллион еуро айыппұл салған соң жасалды.

Еске салайық, WhatsApp-қа пайдаланушы ақпаратын қалай өңдейтіні туралы тексеру нәтижесінде айыппұл салынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети