1. Басты
  2. Біл
  3. Ғаламтор

Google картасында Қазақстан астанасы Акмол деген атаумен көрсетіліп тұр

© Google Maps © Google Maps

Google картасында Қазақстан астанасы Акмол деген атаумен көрсетіліп тұр, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі.

Google Maps-тың iOS-қа арналған қосымшасында Қазақстан астанасы Малинова деген атаумен белгіленген.

Қателіктің немен байланысты екені әзірше белгісіз. Айта кетейік, Ақмол - Астанадан 36 шақырым қашықтықта жатқан ауыл. Оның бұрынғы атауы - Малиновка.

Ал басқа картографиялық сервистерде (Яндекс.Карта және 2GIS) Қазақстан астанасы бұрынғы атаумен қалды.

Айта кетейік, бұған дейін smartnews.ru сайты Google картасынан жеті қате тапқан болатын.