14 қараша 2021 13:30

Хакерлер Федералды тексеру бюросының электронды поштасын бұзып алды - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сенбіде хакерлер АҚШ Федералды тергеу бюросының электрондық пошта жүйесін бұзып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.


Сенбіде хакерлер АҚШ Федералды тергеу бюросының электрондық пошта жүйесін бұзып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.

Блумбергтің мәліметінше, шабуылдаушылар бюро атынан "ондаған мың" кибершабуыл туралы ескерту хаттар жіберген. Федералды тексеру бюросы АҚШ киберқауіпсіздік және инфрақұрылымды қорғау агенттігімен (CISA) бірге болған жағдай туралы хабардар екенін айтты.

"Бұл жағдайға байланысты қазір қосымша ақпарат бере алмаймыз", - деді Федералды тексеру бюросы.

Бюроның бірнеше электрондық пошта жүйесі бары, "поштаны сенбіде бұзуы мүмкін" екені айтылды. Бұл туралы BlueVoyant киберқауіпсіздік компаниясының кәсіби қызметтер бөлімінің бастығы Остин Берглас мәлімдеді. Оның айтуынша, әңгіме "құпия жүйені" бұзу туралы болып отырған жоқ.
 

"Бұл - жасырын емес ақпаратты бөлісу, тарату үшін қолданылатын пошта", - деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, ФБР қызметкерлері құпия ақпарат беруде жеке электронды пошта жүйесін пайдаланады.

Шілдеде Ассошиэйтед Пресс агенттігі SolarWinds шабуылына жауапты хакерлер америкалық прокуратураның кеңселерінде электронды поштаны бұзғанын хабарлады. АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, прокуратураның 27 кеңсесінде кем дегенде бір қызметкердің парақшалары шабуылға ұшырады. Бұл әрекеттер 2020 жылдың мамырынан желтоқсанның соңына дейін жасалған, ал желтоқсанда SolarWinds-ке шабуыл жасалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети