19 шілде 2022 10:55

Instagram-да жаңа функция пайда болады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Instagram-да жаңа функция пайда болады. Енді қолданушылар чат арқылы тікелей тапсырыс жасай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Meta сайтына сілтеме жасап.


Instagram-да жаңа функция пайда болады. Енді қолданушылар чат арқылы тікелей тапсырыс жасай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Meta сайтына сілтеме жасап.

Meta мәлімдемесіне сүйенсек, Instagram-да қолданушыларға хабарламалар арқылы шағын бизнестен зат сатып алуға мүмкіндік беретін төлем функциясы пайда болады.

©Meta

Мысалы, егер пайдаланушы бір затқа қызықса, ол тікелей компанияға хабарлама жібере алады, содан кейін қажет болған жағдайда параметрлерді қосып, тікелей чатта тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ, пайдаланушылар тапсырысты қадағалап отыра алады және сол чат желісінде кез келген қосымша сұрақтар қоя алады. Instagram-ның жаңа мүмкіндігі сауда жасау үшін Meta Pay төлем қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, дейді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети