Желіде Facebook-ке тіркелген 3 миллион қазақстандықтың мәліметтері тарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Желіде қазақстандық Facebook-қолданушылардың 3 миллионнан аса дерегі тарады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазақстандық Facebook-қолданушылардың 3 миллионнан аса дерегі тарады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады.

"МТҚ" АҚ ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын тергеу аясында Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болғаны анықталды.

Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады.

Зерттелген материалдар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданушыларына қатысты 3 214 990 жол көлеміндегі мәлімет - аты-жөні, телефоны, елі/тұрғылықты қаласы, жұмыс орны және оқуы көрсетілген анпарат жария болған," - деді мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері.

Ведомство желіде дербес деректер жариялануының салдары парақша иелері үшін қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мемлекеттік техникалық қызмет зиянкестердің құрбаны болу қаупі бар екенін ескертті: жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жариялау; қоқан-лоқы; банк картасынан заңсыз ақша шығару; жеке өмірге араласу; балаларға қауіп-қатер төндіру, мысалы, олар оқитын мектептер туралы мәліметтерді БАҚ-та жариялау.

Жеке мәліметтердің әлеуметтік желілерде жариялану қаупін азайту үшін KZ-CERT қызметінің кеңестері:

  • Facebook, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники және басқа да әлеуметтік желілердегі парақшалардың құпия параметрлері, күрделі құпиясөз және көпфакторлы аутентификация арқылы қауіпсіз ету;
  • Негізгі пошта жәшігіңізді қауіпсіз қылуыңыз керек, атап айтқанда, көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз, барлық құпия сөзді өзгертіңіз. 
  • сенімсіз кілтсөздер қолданбау керек. Әлсіз комбинациялар ештеңеден қорғамайды. 
  • әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді, дәлірек айтқанда, паспорт, банк картасы және басқа да маңызды құжаттардың фотосуреттерін жарияламау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer