18 тамыз 2016 11:17

Қазақстан әлем бойынша мобильді Интернет жылдамдығы бойынша артта қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© comss.ru © comss.ru

Ұлыбританиялық OpenSignal компаниясы әлем бойынша ұялы байланысқа сараптама жасап, Интернет жылдамдығы бойынша үздік елдердің тізімін жасады. Рейтинг компанияның сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы, интернет жылдамдығынан 3G және 4G ұялы байланыс желілерімен Оңтүстік Корея көш бастап тұр, оның артынан Сингапур, Венгрия, Австралия мен Дания елдері үздіктердің қатарына ілікті. Ал үздік ондықтың тізіміне Норвегия, Нидерланд, Литва, Жапония және Швеция елдері кірді.

Бірақ Қазақстан интернет жылдамдығы жөнінен аутсайдер елдердің қатарына енді. Сондай-ақ, тізімде тұрған соңғы Коста-Рика мен Ауғанстан елдері аутсайдер саналады.

Айта кетейік, осыған дейін NetIndex басылымы, Қазақстандағы Интернеттің орташа жылдамдығы секундына 10,47 мегабитке дейін жеткенін хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети