Қазақстан Интернет жылдамдығы жөнінен Африка елдерінен артта қалды

28 Қаңтар 2015, 18:35
1
Қазақстан Интернет жылдамдығы жөнінен Африка елдерінен артта қалды - ©Sibaritov.net
©Sibaritov.net

Қазақстан Интернет жылдамдығы жөніндегі NetIndex сайтының тұжырымы бойынша жасалған рейтингте бірнеше сатыға төмен сырғыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернеттің жылдамдығы елде - секундына орташа есеппен 16.52 мегабайт. Бұл мәліметті SpeedTest сервисі ұсынып отыр. Айта кетейік, әрбір қолданушы өз провайдерінің интернет жылдамдығын тексеріп көре алады.

Жаңартылған тізімде Қазақстан 52-орыннан 58-орынға сырғыды. NetIndex ресурсының мәліметінше, соңғы жарты жылда елде Интернеттің жылдамдығы 0,4 мегабайтқа азайған. Бірақ бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында көш бастауға мүмкіндік беріп тұр, Ресейде (35-орын) ғана ғаламтор жылдамырақ. Бір қызығы, Қазақстан жалпы тізімде бірқатар еуропалық елдерден, мәселен, Грекия мен Италиядан озып тұр, ал африкалық елдерден, нақтырақ айтсақ, Маврикий аралдары мен Сан-Томе және Принсипи республикаларынан қалыс қалды. Соңғы екі мемлекетте кең жолақты Интернетке қосылуға құрылғы аз екені белгілі, бірақ олар байланыстың жылдам каналын қолданады.

Айта кетейік, Интернет жылдамдығы жөнінен Сингапур (секундына 104,21 мегабайт), Гонконгта (секундына 96,36 метр) және Жапонияда (секундына 70,71 мегабайт) тіркелді. Ал артта қалғандардың қатарында Буркина-Фасо, Гамбия және Бенин елдері бар. Бұл мемлекеттерде жылдамдық - секундына 1,5 мегабайт.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай