10 қазан 2022 15:00

Қазақстан интернеттегі алаяқтық ісі бойынша АҚШ Әділет министрлігіне жүгінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстандық құқық қорғау қызметкерлері АҚШ-тың Әділет министрлігіне қазақстандық ірі компанияларды атап, алаяқтық хат жіберу дерегі бойынша сұраныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық құқық қорғау қызметкерлері АҚШ-тың Әділет министрлігіне қазақстандық ірі компанияларды атап, алаяқтық хат жіберу дерегі бойынша сұраныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Желіде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде түрлі жобалардың жарнамасы белсенді түрде таралып жатыр, онда салымдар бірнеше есе пайда әкелетіні айтылған. Қазақстандық ұлттық компанияларға инвестициялар жоғары табыс әкелетіні айтылған ақпарат тарап жатыр. Домен атауларын тексеру барысында бұл сайттардың мазмұны бірдей екені және олар АҚШ-та тіркелгені анықталды", - деді ІІМ брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Тексеру барысында мұндай сайттардың бірі тіркеу формасы орналастырылған басты беттен тұратыны, содан кейін тіркеуден сәтті өту және жеке шот құру туралы мәтіні бар бет ашылатыны анықталған.

"Сайт фишинг екені және азаматтардың дербес деректерін жинауға арналған деп пайымдауға негіз бар. Ресурс иелерін анықтау үшін АҚШ Әділет министрлігіне тиісті сұрау жіберілді", - деп түсіндірді Тұрлыбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети