Қазақстанда 5G қашан сынақтан өтеді?

14 Тамыз 2018, 14:57
0
Қазақстанда 5G қашан сынақтан өтеді? - ©pixabay.com
©pixabay.com

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мобильді байланыстың бесінші буыны - 5G-ді енгізу туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Абаевтың хабарлауынша, 5G мобильді байланысының пилоттық нұсқасын 2019 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланған. 

"Келесі жылы Шарм-әл-Шейхте Халықаралық электрбайланыс одағы 5G бүкіл әлемге енгізілуі үшін жаңа үлгілер қабылдайды. Біз Халықаралық электрбайланыс одағымен бұл жұмысты аяқтағаннан кейін стандарттар анықталатын болады. (...) Барлық өндіруші мен ірі компания қабылданатын стандарт бойынша өзінің құралдарын 5G форматына келтіріп жасайды. Ол ұялы телефоннан басталып, барлық интернет құралынақатысты. Сол себептен бұл жұмыстардан кеш қалмау үшін Қазақстанда сынама нұсқа жүргізу керек", - деді журналистерге  Дәурен Абаев үкімет отырысынан кейін. 

Сонымен қатар, ол пилоттық нұсқаның қай өңірлерде орнатылатыны туралы айтты. 

"Пилоттық нұсқа Алматы, Астана, Алматы және Ақмола облысында болады деп шештік. Ол 2019 жылдың екінші жартысында іске асады деп жоспарланды", - деді министр.

"Қорғаныс министрлігі өкілдерімен келіскен жиілік 5G-ді сынақтан өкізу үшін тек бір байланыс операторына жетеді. Яғни жақын уақытта министрліктегілер 5G мобильді байланыс технологиясын қай байланыс операторы сынақтан өткізетінін анықтауға тура келеді", - деді ақпарат және коммуникция министрі отырыс барысында. 

5G - мобильді байланыстың бесінші буыны. Оны жарыққа шығару үшін әлі стандарттар жасалмаған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі байланыс операторлары 5G-дің бөлек элементін сынақтан өткізіп жатыр. Сонымен қатар, зертханалық сынақтар да жүріп жатыр.

5G технологиясы 4G-ге қарағанда жылдам өткізгішпен қамтамасыз еді. Бұл кеңжолақты мобильді байланыстың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, құралдар арасында өте сенімді кең ауқымды байланыс жүйесін, қысқа кідіріс уақыты мен секундына 1-2 гигабайт интернет жылдамдығы, 4G-ге қарағанда батарея қуатын аз жұмсауға мүмкіндік береді деп күтіледі. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай