31 мамыр 2016 17:04

Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге басқа елдегі қатарластарына қарағанда жиі кіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© interesno.co © interesno.co

Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге басқа елдегі қатарластарынан көбірек кіреді, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі "Касперский зертханасына" сілтеме жасап.


Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге басқа елдегі қатарластарынан көбірек кіреді, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі "Касперский зертханасына" сілтеме жасап.

Зерттеу мәліметтеріне сенсек, қазақстандық балалар әлеуметтік желілерге компьютерлік ойындар мен Интернеттегі өзге де қызықты контент үшін кіреді. Қазақстандық балалар Интернеттегі белсенділігі жағынан Латын Америкасының балаларына ғана жол береді екен. 

Сонымен, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі балалардың шамамен 43 пайызы интернет-коммуникация құралдарын (әлеуметтік желілер, веб-пошта, чат және сол сияқты бағдарламалар) қолданады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш бір жарым есе жоғары - 74 пайыз.  

Ал мамандардың айтуынша, егер балалар әлеуметтік желілерге қызықпаса, онжа олар компьютерлік ойындарды көбірек қолданады. Ал ересектерге арналған сайттарға келер болсақ, сарапшылар балалардың мұндай сайттарға кіру жағдайларының азайғанын айтып отыр. "Бұл категория көп уақыттан бері көш бастап келген еді, бірақ жағдай өзгерді. Қазақстандық балалардың 1 пайызына да жетпейтін бөлігі эротика мен секс тақырыбын іздейді екен. Ал Қытайда балалардың 23 пайызы ересектерге арналған сайттарға кіреді", - дейді Зертхана сарапшылары.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети