25 сәуір 2017 10:51

Қазақстанда халықтың 20 пайызы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар біледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bilim-all.kz © bilim-all.kz

Қазақстанда халықтың 20 пайызы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар біледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сараптама қызметінің зерттеуіне сілтеме жасап.


Қазақстанда халықтың 20 пайызы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар біледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сараптама қызметінің зерттеуіне сілтеме жасап.

"Қазақша сөйлейтін халықтың үлесі 1991 жылы 37 пайыз болса, 2015 жылы 76,3 пайызға жетті, ал 2016 жылдың соңына дейін 82,3 пайызға артты. Сонымен қатар, тілді меңгерушілердің саны да артып келеді - 22,3 пайыз (2015 жыл). Ал орыс тілінде сөйлейтін халықтың үлесі 2015 жылы 0,6 пайызға қысқарып, 89,4 пайызға тең болды", - делінген зерттеуде. 

Сондай-ақ, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасыне сәйкес, 2025 жылы елімізде қазақ тілінде сөйлейтіндердің үлесі 95 пайыз болады екен де, орыс тілінде сөйлейтін халықтың үлесі 90 пайызға тең болады деп күтіледі екен.

Зерттеуге қарағанда, мемлекеттік тілдің мәртебесі білім беру жүйесінде де нығаяды. Қазақ тілін білетін түлектер 2016 жылы 68 пайыздан 70 пайызға артты. Бүгінде 3,8 мың мектепте қазақ тілінде сабақ өтіледі, бұл 53 пайыз көрсеткіш, 2015 жылы 51 пайыз болса, 1991 жылы 32 пайыз болған еді. 

Ал БАҚ-тарға келсек, электрондық БАҚ-тарда қазақ тіліндегі контент 12,7 пайызға артып, жалпы 84 пайызға тең болды. Тек орыс тіліндегі контент 10,8 пайызға қысқарып, жыл соңына дейін 16 пайызға тең болды. Алайда электронды БАҚ-тардың жалпы құрылымдағы үлесі 16 пайыз ғана екен. Қалған бөлігі басылып шығатын БАҚ-тарға тиесілі, мұнда қазақ тіліндегі контенттің үлесі 50 пайыздан асады. 

2016 жылдың соңына дейін 2,9 мың бұқаралық ақпарат құралы тіркелген (бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп деген сөз), оның 23 пайызы - мемлекеттік. Мемлекеттік БАҚ-тардағы ақпарат ағымының 71 пайызы қазақ тілінде, ал алдыңғы жылы 60 пайыз көрсеткішке тең еді. 

Алайда, зерттеуге қарағанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүргізген сауалнамаға жауап бергендердің басым бөлігі қазақ тіліндегі БАҚ-тарды "қызық емес", "өзекті емес" деп есептейді екен, сондай-ақ, "мазмұны мен мәліметі жоқ" деп қарайды екен.  

Сондай-ақ, зерттеуге қарағанда, қазақстандықтар ағылшын тілін белсенді түрде меңгеріп жатыр. 1991 жылы ағылшын тілін білетін халықтың үлесі 2 пайыз ғана болса, 2012 жылы 11,6 пайызға өскен, ал бүгінде оның үлесі 23,7 пайыз екен.  

Ал үш тілді халықтың үлесі 2015 жылы 16 пайызға тең болса, 2016 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 20 пайызға жеткен. 

Айта кетейік, үштілділік елімізде 2016 жылы білім беру жүйесіне енгізілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети