03 тамыз 2022 12:06

Қазақстанда ХҚКО мен eGov.kz жұмысында ақау шықты

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

eGov.kz порталының жұмысында ақау шықты. Сондай-ақ, Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейлі банктерде де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


eGov.kz порталының жұмысында ақау шықты. Сондай-ақ, Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейлі банктерде де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" (ҰАТ) компаниясы мәліметінше, eGov.kz пен "Ашық үкімет" порталының, eGov мобильді қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы дұрыс жұмыс істемей тұр.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтерді көрсету қолжетімсіз. Қазір тізімде көрсетілген порталдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҰАТ сервер орталығының істен шығуына байланысты eGov.kz, SB.egov.kz, Ашық үкімет порталдары, АХАЖ АЖ, "Мобильді үкімет", "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры, ЕЛ МДҚ, ЕҮТШ, ЕҮСШ ақпараттық жүйелері дұрыс жұмыс істемей тұрғанын хабарлады.

"Өкінішке қарай, бұл жүйелер халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына әсер етеді, сондықтан Мемлекеттік корпорация кеңселерінде клиенттерді қабылдау уақытша жұмыс істемейді. Қолайсыздықтар үшін тұтынушылардан кешірім сұраймыз. Қосымша ақпарттарды хабарлаймыз", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети