05 тамыз 2022 12:19

Қазақстанда қашан 5G қолжетімді болады?

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

5G желісмен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және барлық облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


5G желісмен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және барлық облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 5G радиожиіліктері бойынша аукцион өткізуді жоспарлап отырмыз. Республикалық маңызы бар үш қалада және барлық облыс орталықтарында аукцион өткіземіз. Операторлармен аукционға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, сипаттамалар мен міндеттемелер әзірленіп жатыр. Жақын арада келісім жүргізіліп жұмысты бастаймыз", - деді Асхат Оразбек "Цифрлық Қазақстанға" форумында сөйлеген сөзінде.

Ол төрт қалада - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістанда 5G пилоттық жұмысы басталғанын және "жұмыс істеп тұрғанын" айтты.

"5G енгізу трафикті тұтынудың күрт өсуіне, "Индустрия 4.0", IT, "смарт үйлер" дамуына әкелетінін түсінеміз. Әрине, бұл қажет тренд. Мұны операторлармен бірлесіп жасаймыз. Қалай жасау керек екенін білеміз. Менің ойымша, алдағы екі жылда еліміздің барлық аумағында халық 5G ілгерілегенін сезеді", - деп қосты вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети