16 қыркүйек 2014 14:26

Қазақстанда кейбір порносайттар әлі жұмыс істеп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда биыл жабылған 500 порносайттың кейбірі әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда биыл жабылған 500 порносайттың кейбірі әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақтелеком" өкілдері соттың шешімімен заңға қайшы ақпараттары бар сайттарға қосылудың шектелетінін түсіндірді. Мысалға, оператор порнографияны тарататын ресурстарды жауып тастайды. Соған қарамастан, IP-мекенжайларын ауыстырған кейбір порносайттар әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.

"Хостинг-провайдерлер сайттардың IP-мекенжайларын ауыстырып отырады, соның салдарынан тыйым салынған ресурстар уақытша болса да қолжетімді күйінде қала береді. Сот шешімі шығарылған IP-мекенжайлар анықталған жағдайда "Қазақтелеком" АҚ желілерінде түзетулер жүргізіледі", - деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Юлия Исакова.

Еске сала кетейік, бұған дейін шенеуніктер тыйым салынған интернет-ресурстарға қатысты түсінік берген еді. Шенеуніктер порносайттарды жабуға қатысты біржолғы шара немесе жаппай жабу шарасын қолдануды айтқан болатын. Бұл шаралардың мақсаты - қатігездік, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттайтын материалдардың жолын кесу.

Сонымен бірге, байланыс операторларының балалардың денсаулығына нұқсан келтіретін ақпараттарға қолжетімділікті шектеуге міндеттелетіні айтылған еді. Байланыс операторлары порносайттарға қосылуды шектейтін техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктер орнатуға заңмен міндеттелетін болады. Айта кетейік, биыл 500 порнографиялық сайт Астананың Есіл аудандық сотының шешімімен жабылған еді. Бұл туралы өткен шілде айында белгілі болды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети