15 қазан 2014 14:27

Қазақстанда кибершабуылдарға қарсы антивирус жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Itpro.co.uk ©Itpro.co.uk

Қазақстанда кибершабуылдарға қарсы жаңа өнім пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі T&T Security бас директоры Әнуар Тоқтабаевқа сілтеме жасап.


Қазақстанда кибершабуылдарға қарсы жаңа өнім пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі T&T Security бас директоры Әнуар Тоқтабаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл - әдеткі антивирустар ұстай алмайтын шабуылдарды анықтайтын тұңғыш қазақстандық өнім.

"Бұл - "нөлдік күн" және бағытталған шабуылдарды анықтап, алдын алатын жүйе. Жаңа буындағы аса зиянды бағдарламалардың ерекше секторы. Өнім Tee box деп аталады, бұл әрқандай осал қосымшаларды ашуға мүмкіндік беретін контейнер. Қазір оны аяқтап жатырмыз, келесі жыдың басында нарыққа шығады", - деді Тоқтабаев Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша халықаралық конференциясының үзілісі кезінде (AICT - 2014).

"Қазіргі антивирустар "бандитті" ұстайтын полицейлер сияқты, ал біз "тыңшыларды" ұстаймыз. Біздің өнім - бұл "арнайы қызмет". Бұл өнімнің бағасы антивирустардың құнындай болады, мүмкін төмен", - деді ол.

Жасаушы қазақстандық шенеуніктердің жұмысын мысалға келтірді. "Қазір, өкінішке қарай, мемлекеттік қызметтерде әдеттегі қорғаныс жүйесі қолданылады, оның ақаулары бар, қазақстан бағытталған шабуылдардан, қатерлер мен қодланушыға жасалатын шабуылдардан әлсіз қорғанған. Мәселен, мемлекеттік қызметкердің e-mail поштасына кешкі сағат 9-да бастығынан "pdf-файлды жедел көр" деген жазумен хабарлама келеді, антивирус файлдың күмәнді болуы мүмкін екеніндігі туралы белгі береді, бірақ ол оның зиянды екенін айтпайды. Біздің шенеуніктер оны ашады, ал ол фишинг email болып шығуы мүмкін, оның бастығының атынан рұқсаты болмаса да әркім жібере алады. Бұл бағытталған қауіп. Бірақ егер ол өнімді қондырса, ол Tee box-та жаңа құжатты аша алады, және барлық зиянды объекттердің контейнерден шығармайды", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети